Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің соңғы барлау мәліметтерінде Ресей Кеңес Одағы заманындағы М-55 барлау ұшақтарын қайта пайдалануға беру мәселесін қарастырып жатқаны айтылған.
Барлаушылар Украина аумағының аспанында барлау мүмкіндіктерін күшейту үшін М-55 ұшағын пайдалану қаіупті екенін ескертті. Олардың пікірінше, аталған ұшақ Ресейдің қауіпсіз әуе кеңістігінен Украинаға қарсы миссияларды орындайды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл әуе, теңіз және құрлық қорғаныс күштеріне нысананы тиімді қадағалау үшін маңызды.
М-55 ұшақтары Ресейде 1988 жылы пайдалануға берілді және арктикалық стратосфера мен Антарктида зерттеулерінде пайдаланылды. Олардың қайта пайдалануға берілуі Украинадағы оқиғалар мен аймақтағы әуе барлау стратегиясына ықпал етуі мүмкін.
Бұған дейін британдық барлау қызметі Ресей Украинаға батыс жойғыш ұшақтарын жеткізілуіне қатысты алаңдаушылық білдіргенін хабарлаған еді. Ресей бірнеше С-400 зениттік зымыран кешендерінен айырылғанына байланысты аймақта қосымша сын-қатерлер тудырып, әуе шабуылына қарсы қорғаныс стратегиясын қайта қарауы мүмкін.