Ресейде кеңсе қағазы тапшы: бағасы бірнеше есеге қымбаттады

Ресейде кеңсе қағаз тапшы. Белгілі болғандай, РФ-дағы кеңсе қағазы өндірісінің басым көпшілігі (92%) шетелдік компанияларға тиесілі, олар санкция салылғаннан кейін өндірісті толықтай немесе қажетті мөлшерде шығаруды тоқтатты.

Әлеуметтік желіде кеңсе қағазының бағасы бес есеге өскені айтылып жатыр. Кейбір дүкендер оны сатуға шектеу қоюға мәжбүр болды: бір адамға- бір қорап. Интернеттен сатып алса болады, бірақ бағасы удай қымбат.

Интернет-дүкендер қалыптасқан жағдайға байланысты пайда табу үшін мүмкіндікті мүлт еткізісі келмейді. Мәселен, Озон интернет-дүкені қағазды Ресей нарығында төмендегі бағамен сатып жатыр:

  • Sveto Copy, A4, 500 п, 1 қорап — 1290-3015 рубль.

  • «Снегурочка», 500 п, , 1 қорап — 1230-3031 рубль.

  • Ballet Classic, A4, 500 п, 1 қорап бір OZON-да 1549 рубль (жеңілдіксіз — 1698 рубль).

  • IQ Premium, A4, 250 п, OZON-да 1 қорабы — 1590-4803 рубль (бұл 25% жеңілдікпен).

Тіпті осындай сападағы А4 форматындағы арзандатылған қағаздың бағасы 1000 рубльден асады.

Қағаз шығаратын ресейлік зауыттардың жұмысы санкциялар, логистикалық тізбектердің бұзылуы мен химикаттардың жетіспеушілігіне байланысты тоқтап қалды.

Қағаз шығаратын нарықтың 92%-ы екі компанияға тиесілі: австриялық Mondy (Снегурочка, IQ, Xerox, Комус-Документ) және америкалық International Paper (SvetoCopy, Ballet). Олардың ресейлік өкілдіктерінде де проблемалар бар. 1 наурыздан бастап Кемира компаниясы Ресей мен Беларуське натрий хлоратын жеткізуді тоқтатты.

Осы заттың көмегімен зауыттарда целлюлозаны ағартады — бұл шикізат болмаса офистерде пайдаланылатын ақ парақтар шығарылмайды.

Тек кеңсе қағазы қана қымбаттамады. Дәретхана қағазының бағасы 1,5-2,5 есеге өсті.

Ресейлік мамандар импортты алмастыру мәселесі бойынша жұмыс істеуде. Қытайдан шикізат жеткізуді ұлғайту арқылы жағдайды қалыпты деңгейге қайтаруға болады. Бірақ жаңа келісімшарттар өндірістік процестерге әсер етеді — қайта құру мен қайта жабдықтауға көп уақыт кетеді.

Добавить комментарий