Ресейде «ішінара» мобилизацияның басталды, бірақ аяқталған жоқ

Ресейде Украинаға қарсы соғыс аясында ықтимал жаңа мобилизация легі тағы да көпшіліктің талқысына түсті. Ерте ме, кеш пе, ол жарияланады, бірақ оның қандай ауқымда болатыны сұрақтар тудыруда. Ресейдің әр өңірінен келісімшарт бойынша әскери қызметке тарту науқаны сәтсіз жүріп жатқаны туралы жаңалықтар бұны әбден ықтимал етеді.

Ресей билігі соғыс алаңындағы өз әскери бөлімшелерінің жеке құрамын толықтырудың жолдарын табуға тырысып бағуда, белгілі бір мөлшерде адамдар жиналды, бірақ бұл жеткіліксіз. Былтыр күзде мобилизацияның алғашқы легі өткеннен кейін мемлекет заңнамада көп олқылықтар барын түсінді және содан бері Ресей билігі мобилизацияның жаңа легіне дайындалып жатқаны байқалды: Мемлекеттік Думаның депутаттары әскерге шақыру және мобилизацияға байланысты бірқатар заңдарды қатаңдатты.

Заңға түзетулер енгізіліп, электрондық шақыру қағаздары, әскерге шақыру қағаздары бойынша әскери комиссариатқа келмегені үшін айыппұл мөлшері бірнеше есеге (500-3000-нан 10-30 мың рубльге дейін) артты. Сондай-ақ лауазымды және заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша көптеген шаралар енгізілді: азаматтарды уақтылы хабардар ету және олардың әскери комиссариатқа келуін қамтамасыз ету бойынша міндетін орындамағаны үшін, әскери комиссариатқа бастапқы әскери есепке қоюға жататын азаматтардың тізімін ұсынбағаны үшін айыппұлдар және тағы басқалары енгізілді. Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларға тізілімде шақыру қағазы пайда болған сәттен бастап елден кетуге тыйым салынды. Әуел баста «Арнайы операцияға» тек әскери қызметшілер қатысады делінген болатын, алайда бұл бос әңгіме болып шықты. Кадр әскері әлдеқашан қырылды. Сондықтан да соғыс алаңына мобилизацияланған және «мерзімді қызметтегі сарбаздарды» жіберіп жатыр. Мерзімді әскери қызмет етуге келген сарбазды бірінші күнінен бастап келісімшарт жасауға итермелейді, егер сарбаз өз командирінің қоластында болса, онда ол келісімшартқа қол қойдыру үшін түрлі тәсілмен қысым жасайды.

Ресей билігі 2023 жылдың басынан бері елде мобилизацияның жаңа легі болмайды деп сендіріп келді, бірақ Мемлекеттік Дума қабылдаған түзетулер әскери комиссариаттар үшін адамдарды әскерге шақыруды жеңілдетеді. Қалыптасқан жағдай билікті жаппай мобилизация басталғанын жария мәлімдемей, бірнеше миллион адамды әскерге жұмылдыруға ниетті екендігін көрсетеді.

2022 жылдың күзінде Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Әскерге шақыру науқаны хаосқа айналды, мобилизацияланған сарбаздардан құралған әскери бөлімшелер мен олардың туыстары қару-жарақ пен әскери жабдықтардың сапасына, оларға даярлық нашар ұйымдастырылғанына, командирлерге қатысты көптеген шағымдар айтылды. Шамамен бір айдан кейін мобилизация ресми түрде аяқталды, бірақ шын мәнінде әлі күнге де тоқтаған жоқ.

Бұл соғыс, ал соғыс әрқашан аяқталғанға дейін ресурстарды қажет етеді.

Ресей билігі мобилизацияланғандардың саны мен олардың соғыс қимылдары аймағында қанша уақыт болатынын нақтылаған жоқ. Ресейдің Украинадағы әскери шығындарын ескеретін болсақ, ерте ме, кеш пе, жаңа мобилизация легі жариялануы әбден мүмкін. Оларды «оққа жем» болу үшін жібереді. Жоғарыда отырған шенділер «отанды қорғайтын кез келді» деген шешім қабылдаған соң, барлық ер азаматтар әскери комиссариатқа келуге міндетті болады, егер қысқа мерзімде келмесе, ешқандай тергеусіз барлық базалық құқықтары тапталады.

Ел билігі келісімшарт бойынша әскерилерді іріктемек болған, бірақ ол күтілген нәтиже көрсетпеді.

Ресейліктерді әскери комиссариатқа кез келген жолмен қызықтырды: «ностальгиялық» әлеуметтік жарнамамен, ал патриотизмнің әсері болмағанда — ақшамен, әр түрлі бонустармен. Бүкіл ел бойынша келісімшарт бойынша әскери қызмет етуді насихаттау үшін штабтар құрылды, әскери қызметке келісімшарт жасауды тіпті балалар мекемелерінде де үгіттеді. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруді насихаттау қарызға белшесінен батқан жағдайы төмен ресейліктерге «барлық проблемалардың шешімі» ретінде көрсетті. Бірақ бұл тек күйзеліске депрессивті аймақтарда ғана жақсы әсер етті, онда адамдар бүкіл отбасымен әжесінің зейнетакқысына немесе 10, 20 немесе 30 мың рубль жалақыға өмір сүріп келеді. Мұндай жағдайда 200 мың рубль сөзсіз тартымды болып көрінеді.

Тіпті Кремль қоғамның шамына тимейтіндей «мобилизациялау» үшін азаматтардың белгілі бір санатын белгіледі. Ресейде ипотека өте кең таралған: техника сатып алу, жөндеу жұмыстары, пәтер, көлік, сыйлық. Сәйкесінше Ресейде жүздеген мың ипотекалық борышкер бар. Яғни банкке кім қарыз болса, олнда олардың барлығына әскерге шақыру қағазы келеді. Соғысқа барлығы жіберіледі: шектеулі жарамдылар, студенттер, ғылым докторлары, зейнеткерлер. Иә, әрине, уәде етілген ақша өте тартымды көрінеді, бірақ одан бай болып кету екіталай және бірнеше рет «өз адамдарын лақытыр кеткен» Ресей билігіне сенім арту қаншалықты дұрыс.

Ресейдің басты проблемасы — адам өмірі бағаланбайды.

2024 жылы наурызда өтетін президент сайлауы алдында ел билігі «дауыс берушілердің шамына тимеу» үшін ауқымды мобилизация жарияламауы мүмкін. Сайлау алдында Кремль саяси қадамдарды барынша азайтуға тырысады. Ел билігі мобилизация сәтсіз болады деп қауіптенеді, ал бұл имиджге дақ түсіруі мүмкін: егер билік соғыс кезінде өз азаматтарын мобилизациялай алмаса, мұндай билікке сенім арту қажет пе.

Ресейде мобилизация жасырын түрде жүргізіліп жатыр. Билік тез арада қырылып қалған әскерді жаңа сарбаздармен толықтыру керек. Бірақ уақыт өте келе бұл қиынға түседі. Ресейлік азаматтарға ақша мен көптеген жеңілдіктер, ал мигранттарға — азаматтық уәде етіліп отыр. Ресей билігінің ойынша, енді мигранттар да орыс әлемі үшін «қуана» соғысуы тиіс. Сірә, Отан үшін жанын беруге дайын патриоттардың қарасы байқалмаған соң, еңбек мигранттарын соғысқа белсенді тарту басталды. «Оққа жем» болатындарға қажеттілік өсіп келе жатқанына байланысты, ресейлік әскери комиссариат ірі мобилизация ресурсын көз жұма қарауы өте қиынға соғады.

Ресей билігі «қамтамасыз ету шаралары» пакетін, «тыйым салулар» тізімін белсенді әзірлеп, адамдарды соғысқа тарту үшін жаңа тәсілдер мен әдістерді ойлап табуда. Соғыс уақытында әскер санының артуы — бұл әрқашан шығындардың ар ұлғаюын білдіреді.

Жүз мың адам жер жастанды. Қара пакет ресейліктер үшін өз үйіне қайтуға билет болып отыр. Қаза болғандардың нақты санын біз ешқашан біле алмайтын шығармыз. Нақты көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін. Бірақ оларды кім санап жатыр? Билік бұл көрсеткішпен бас қатырмауда: қаза болғандардың орнына жаңа партиясын әкеліп жатыр. Осыған байланысты әркім дұрыс деп шешім қабылдауы тиіс, мобилизациядан жалтару немесе әскери қылмыс жасау.

 

Добавить комментарий