Ресейде ішінара мобилизация жарияланды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38839-1663773612-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресей билігі запастағы әскерилерді тартып, ішінара мобилизация туралы шешім қабылдады. Украина аумағында әскери іс-қимылдарға қатысу үшін 300 мың резервші шақырылады деп болжануда.

РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгоның айтуынша, РФ мобилизациялық ресурсы шамамен 25 млн адамды құрайды.
«300 000 резервші шақырылады. Ресейдің ауқымды мобилизациялық ресурсқа ие — әскери борышын өтеген, әскери тәжірибесі бар, шамамен 25 млн адам. Ішінара мобилизацияға жалпы ресурстың 1%-ы ғана жатады», — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сергей Шойгу мерзімді қызметтегі сарбаздар, студенттер мен жауынгерлік тәжірибесі жоқ ер адамдар мобилизацияға жатпайтынын атап өтті.

Бұған дейін РФ президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялаған болатын. Оның айтуынша, барлық әскерге шақырылушыларды бөлімге жөнелтпес бұрын міндетті түрде «арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып» қосымша әскери даярлықтан өтеді.

Добавить комментарий