Ресейде ең арзан ресурс — адам өмірі

Соғыстың соңғы апталарында Ресей билігі әскери қолбасшылыққа соғыс алаңында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу міндеті қойылғанын көрсетеді. Өз кезегінде РФ әскери қолбасшылығы бұл міндетті кез келген жолмен орындауға тырысуда. Қарқынды ұрыс қимылдары басталғалы 20 ай ішінде РФ әскері «кез келген жолмен» тіпті, адамдардың өмірін құрбан етіп болсын, алға қойылған мақсатқа қол жеткізетіні түсінікті болды. Бахмутты мысал ретінде келтірсе болады, Ресей армиясы аталған бағыт бойынша 10 ай бойы шабуыл жасап, жеке құрам және техника тұрғысынан өте көп шығынға ұшырады.

Енді Ресей армиясы алдына жаңа мақсат қойылды, оған қол жеткізген жағдайда РФ әскери-саяси басшылығы барынша көп ресурстарды тартуға дайын. Бұл тұрғыда әңгіме Путин үшін соғыстағы ең арзан — адам ресурсы туралы болып отыр. Британ барлау қызметі келтірген кейбір көрсеткіштерге көз жүгіртейік. Британия барлау қызметі РФ армиясының шығыны қаза тапқан және ауыр жарақат алғандарды есептегенде 190 мың адам екенін, ал емделіп шыққаннан кейін ұрыс алаңына қайта оралатындарды ескеретін болсақ — 290 мыңға дейін жетеді деп бағалауда.

Жаға ұстатарлық көрсеткіш, солай емес па? Еске сала кетейік, бұл соғыс басталғалы небәрі 20 ай өтті. Украина тарапы бұдан да ауыр статистиканы келтіреді. Олардың мәліметінше, ресейліктер 300 000-нан астам адамынан айырылған. Мұндай шығындармен ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көрсету керек. Бірақ нәтиже жоқ. Іс жүзінде РФ әскері осыншама адамынан айырылып, жетістікке жете алмады — оккупанттар Киевті, басқа да үлкен қалаларды жаулап ала алмады. Оккупанттар кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы бір ғана облыс орталығын — Херсонды басып алды. Бірақ кейіннен Украина Қарулы Күштері қаланы қайтарып алды. Облыс орталықтарын қоя беріңіз. РФ әскері тіпті Донецк пен Луганск облыстарының әкімшілік шекарасына кіре алмай отыр, дегенмен сарапшылар ресейлік қолбасшылық алдына мұндай міндеті бұрыннан қойылғанын айтып отыр.

Сондықтан РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев келесі жылға Ресей әскерін ұлғайту жөніндегі жоспарды мақтана отырып жариялағанда, ресейліктер Кремль үшін әскери қызметшілер «зеңбірекке жем» болатынын түсінуі керек. Еске сала кетейік, түрлі деректерге сәйкес Ресей қазіргі таңда Украина аумағында 400 мыңнан астам сарбазды шоғырландырған.

РФ қолбасшылығы өз сарбаздарын қалай басқарып отырғанын білгіңіз келе ме? Мәселен, оккупанттар бір ай бойы Авдеевкаға шабуыл жасап келеді. Сарапшылардың айтуынша, қала маңында кем дегенде 40 000 басқыншы шоғырланған. Осылайша, британ барлау қызметі Авдеевка түбінде шабуылдаудың алғашқы үш аптасында Ресей 2023 жылғы ең ауыр шығындардың біріне ұшырағанын айтып отыр. УҚК Ресей Федерациясының әскери техникасының тұтас колондарын жермен-жексен етіп жатыр. Басқа бағыттарда да жағдай осындай. Осылайша, ресейліктер Купянскіні басып алуға тырысып жатыр, бірақ аталған қалаға шабуыл жасау кезінде, өте көп шығынға ұшырауда. Лиман-Купян бағытында РФ әскерінің саны 100 мыңнан асады. Мұндай жағдай көптеген бағыттарда орын алып отыр. Мәселен, жақында Deep State аналитиктері Угледар бағытында ресейлік әскери техника колоннасы жойылғаны көрінетін видеоны жариялады.

Жоғарыда келтірілген мысалдар Путин үшін ресейліктердің өмірі қаншалықты құнсыз екенін айқын көрсетеді.

Добавить комментарий