Ресейде депутатты тапсырыспен өлтіру фактісі тергелуде

Ресейдің Ленинград облысының Выборг ауданында кәсіпкер және Выборга қалалық кеңесінің депутаты Александр Петров өлі күйінде табылғаны белгілі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, кәсіпкерге шабуыл жасалған. Қаза тапқан адамның денесі оқ-жарақатымен өз үйінен табылды.

Дереккөздің мәліметінше, Великий ауылындағы Петровтың коттеджіне киллер кіріп, депутатқа оқ атқан. Кейін Петровты күзетшісі тауып, жедел жәрдем мен полицияны шақырды.

Депутатқа снайпер атқан болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл Петров моншадан өзенге сүңгуге бара жатқан сәтте болған.

Александр Петров — ресейлік «Формула-1» пилоты Виталий Петровтың әкесі. Ол «Выборг кеме жасау зауыты» ААҚ, «Выборг отын компаниясы» ЖАҚ және тағы бірнеше кәсіпорынның бірлескен иесі болды.

Бизнесменнің ұлы — автошабандоз әкесінің қайтыс болғаны туралы хабардан кейін Португалияда өтетін Гран-При-де стюард болып жұмыс істеуден бас тартқаны белгілі болды.

«Жеке себептерге байланысты Виталий Петров өз міндетін апта соңының қалған бөлігінде атқаруды жалғастырмайды. Осы қиын кезеңде ФИА Виталий мен оның отбасына көңіл айтады», — делінген «Формула-1» сайтында.

Жалдап өлтіру туралы қылмыстық іс қозғалды. Ресей ТК тергеу органдары Ленинград облысы бойынша Ленинград облысы Выборг ауданының депутаты Александр Петровтың жалдап өлтірілгені туралы қылмыстық іс қозғады (РФ ҚК 105-бабы 2-бөлігінің «3» тармағы).

Добавить комментарий