Ресейде дәрігерлер тапшы

Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың айтуынша, елде дәрігерлер тапшы. Кадрлар тапшылығы 20 мыңнан асады.

«Дәрігерлер бойынша кадр тапшылығы — шамамен 25 мың адам, 25-26 мың шекте. Орташа (медициналық — мыс. ред.) персонал бойынша — 50 мың шегінде Бұл бүгінде осы сала бойынша тапшылық», — деді Мурашко сәрсенбі күні Мемлекеттік Думадағы «үкімет сағатында».

Министрдің айтуынша, «аталған тапшылық ауыр емес, бірақ ол маңызды».

Мурашко аталған тапшылық ең алдымен ауылдағы денсаулық сақтау жүйесінің бастапқы буынында байқалатынын айтты. Бұл басым бағыт.

«Қаладағы стационарларда, жалпы алғанда, тапшылық жоқ. Анастезиолог-реаниматологтарды айтпағанда. Бүгінде оларға сұраныс зор», — деп атап өтті ол.

Добавить комментарий