Ресейде бұрынғы атаулар қайтарылып жатыр

Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин Ресей халықтар достығы университетіне (РХДУ) Патрис Лумумба атауы қайтарылғанын мәлімдеді.

Ол Ғылым және білім министрі университеттің атауын қалпына туралы бұйрыққа қол қойғанын хабарлады. Шешім орынды деп аталды. Университет 1960 жылы ашылған, ал бір жылдан кейін оған Патрис Лумумбаның есімі берілді. 1992 жылы бұл шешімнің күші жойылды.

Патрис Эмери Лумумба конголезиялық саясаткер және мемлекет қайраткері, Конго Демократиялық Республикасы 1960 жылы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін елдің бірінші премьер-министрі болды.

Университетке Патрис Лумумба есімімен қайта аталуы оның Африка құрлығының тарихына және қос ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына қосқан маңызды үлесін көрсетеді.

Добавить комментарий