Бірнеше күн бұрын белгілі болғандай, Ресей Беларусьпен бірлескен «Батыс-2023» стратегиялық оқу-жаттығуын өткізуден бас тартты. Оқу-жаттығу қыркүйек айында өтуі тиіс еді. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді. Ол неліктен осындай шешім қабылданғанын айтпады. Өз кезегінде Шойгу қазіргі таңда Ресей армиясы Украинада оқу-жаттығу өткізіп жатқанын мәлімдеді.
РФ Қорғаныс министрінің Украинадағы «әскери жаттығулар» туралы айтқан екен, олй болса олар жүргізіп жатқан «жаттығулардың» соңғы апталардағы нәтижесі қандай екеніне қарастырайық.
Айта кету керек, РФ-да әлі де «кең ауқымды соғыс» деудің орнына «арнайы әскери операция» деп айтуды жөн көреді.
Украина Қарулы Күштері жаздың басынан бері ауқымды шабуылдау операциясын жүргізіп келеді. Украина армиясының шабуылдау қарқыны күтілгендей жоғары емес, себебі РФ әскері өздерінің қорғаныс бекіністері алдындағы жерлерге мина салып тастаған. Ресейліктердің қорғаныс шебі мықты нығайтылған. Ресей армиясы бір жыл бойы қорғанысқа мұқият дайындалған. Осы себепті Украинаның шабуылдау қарқыны баяу жүріп жатыр.
Бірақ соңғы апталарда Украина әскерлері шабуылдау операциясында белгілі бір жетістікке жетті. Мәселен, АҚШ Украина армиясы «айтарлықтай алға жылжығанын» көрді, алайда бұған дейін америкалықтар алаңдаушылық білдіріп, прогрестің жоқ деп мәлімдеген болатын. УҚК соғыс алаңының кейбір учаскелерінде оккупанттардың ең күрделі болып саналатын қорғаныс шебінің бірінші желісін бұзып өтті. Соғыс алаңының басқа учаскелерінде украин сарбаздары мина алаңдарынан өтіп, Ресей әскерін ығыстырып тастады. Бұл ретте УҚК жау әскерлері оккупанттар қарымта шабуыл жасамақ болып отырған бағыттарда оларға тойтарыс беріп жатыр.
Оңтүстік бағытта Украина армиясының қысымы едәуір күшті болғаны соншалық, РФ қолбасшылығы қорғанысты күшейту үшін Луганск облысынан 76-гвардиялық десанттық-шабуылдау дивизиясын сол бағытқа жіберуге мәжбүр.
Күн сайын Украина әскері Ресей қорғанысын бұзып өтіп жатыр, енді сарапшылар мен аналитиктер биыл оңтүстік бағытта жетістікке жетуге әлі де уақыт бар деп отыр.
Сонымен қатар, Украина армиясы шабуылдау операциясы аясында прогресске қол жеткізуде, өз кезегінде РФ әскері Украина аумағында өткізіп жатқан «оқу-жаттығуларында» қандай жетістікпен «мақтанар» екен.
Мәселен, адами тұрғыда және әскери техниканың бұрын-соңды болмаған шығындарға ұшырады. Украина тарапының мәліметтеріне сәйкес, оккупанттар 265 000-нан астам адамынан айырылды. Мұндай өте көп шығындар көптеген әскерилерді соғыс алаңынан қашуға немесе соғысққа аттанудан бас тартуға мәжбүр етуде. Сарапшылардың айтуынша, РФ-да жаяу әскер саны аз, сондықтан ресейліктер жақын арада «кең ауқымды шабуылдау операцияларын» жүргізе алмайды. Өз кезегінде Oryx әскери сараптама жобасы маусым айында Ресей армиясы соғыс барысында 10741 бірлік техникасынан айырылғаны туралы мәліметтерді келтірді. Осылайша, РФ Украинадан қарағанда үш есе көп техникасынан айырылды. Бұл оккупанттардың жалғыс «жетістігі» емес.
Бірақ Шойгудың мәлімдемесіне қайта тоқталайық. РФ оқу-жаттығуларды өткізуден неліктен бас тартқанын айтпады, ал Ұлыбритания барлау қызметі тамыз айында мұны себебін айтқан, яғни Ресей Федерациясы оқу-жаттығуды өткізбеу туралы ресми жариялағанға дейін жариялаған. Осылайша, Британия Қорғаныс министрлігі Мәскеу әскери техника мен әскерилер саны жеткіліксіз болғанына, сондай-ақ Ресей қолбасшылығы іштей соғыс кезіндегі оқу-жаттығуларды өткізуге қарсы болуына байланысты оқу-жаттығуды өткізілмейді деп мәлімдеді.