Ресейде 71 жастағы қазақстандық ұсталды

Ресейлік полицейлер 71 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйел 8 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыскерді ұстауға үшін көршілес мемлекетке кеткен.

Орлов облысы бойынша ІІМД әріптестерімен бірлесіп, 16 қарашада олар күдіктіні ұстады.

«Әйел алаяқтық қылмыс жасады деген айыппен іздеуде болды. Ол 2010 жылдың сәуір айында жалған құжаттар бойынша алаяқтық жолмен 1,5 млн теңгеге жәбірленушіге банкте кепілде тұрған Мұнайлы ауданы мекенжайы бойынша жер учаскесін сатқан. Сондай-ақ осы жылдың маусым айында өзінің қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, жәбірленушіге Мұнайлы ауданындағы жер учаскесін жалған құжаттармен 4,5 млн теңгеге сатты», — деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен 74 жәбірленуші зардап шекті, келтірілген материалдық шығын 50 миллион теңгеден асты.

«Полиция қызметкерлері күдікті 71 жастағы азаматшаны Ресей ІІМ Новосильск бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп толықтырды ведомстводағылар.

Добавить комментарий