Ресейлік ғалымдар адам ағзасындағы COVID-19-дың дамуын тежеуге мүмкіндік беретін препаратты әзірлеу жұмыстары бастады. Препараттың формасы сағыз мен пастиланы еске салады.
РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу институты (ОҒЗИ) осы бағытта жұмысты бастады.
Орталық ғылыми-зерттеу институтының директоры полковник Сергей Борисевич бұл ақпаратты растап, «иә, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде» деді.
«Сынақтан өткеннен кейін препаратты коронавирустық инфекцияны емдеу мен оның алдын алуда қолдану үшін дәрілер тізіміне қосады», — деп мәлімдеді дереккөз.