Ресей ЖИ саласында Батыспен бәсекелеспек

Ресей жасанды интеллект (ЖИ) саласында Батыстың монополиясын болдырмау үшін осы инновациялық саланы дамыту бойынша өз стратегиясын әзірлеп жатыр. Президент Владимир Путин Ресейдің ЖИ-ға ықпалын нығайтуға және елдің мәдениеті мен тілін қорғауға бағытталған өзгерістер туралы мәлімдеді.

Мәскеуде өткен ЖИ-ға арналған конференцияда Путин аталған технологияны дамытудың этикалық және әлеуметтік аспектілері туралы өз пікірімен бөлісті. Ол ЖИ-ға тыйым салу мүмкін емес екенін айтып, Ресейдің батыстық технологиялық алыптардың көлеңкесінде қылап қоймау маңызды екенін атап өтті.

Қазiргi уақытта Қытай мен АҚШ ЖИ әзiрлеуде алда келеді. Путин Ресейдің ЖИ саласындағы жаңа стратегиясы іргелі зерттеулерді кеңейтуді, әсіресе генеративті ЖИ және көптілдік модельдер салаларын қамтитынын атап өтті.

Президент сондай-ақ орыс тілі мен мәдениетін елемей отырған батыстық алгоритмдерге қатысты алаңдаушылық білдірді. Ол мұндай бөтен жүйелердің монополиясы мен үстемдігі қолайсыз екенін және Ресейдің жаңа стратегиясы осы серпінді өзгертуге бағытталғанын атап өтті

Добавить комментарий