Ресей Запорожье АЭС-ін Украинаға қалдырмақ

Наурыз айында ресейлік әскерилер Украинаның Запорожье облысында орналасқан атом электр станциясын басып алды. Осы уақыт аралығында аталған өңірді және АЭС-тің төңірегіндегі аумақты да толық милитаризациялау жүріп жатты. Көптеген техника мен сарбаздар әкелінді, АЭС-ті қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілді, кейіннен станцияны украиналық энергетикалық жүйемен байланыстыратын электр беру желілері бүлінді, ал АЭС-тің өзі ресейлік энергетикалық жүйеге қосылып, Росатомның басқаруына өтті.

Запорожье АЭС-і кімдікі екеніне қатысты дау осы уақыт бойы басылмады. БҰҰ да, МАГАТЭ де. Жақында ғана Мәскеуде «Запорожье АЭС пайдалану ұйымы» құрылды, ол АЭС-тің өзін басқаруға тиіс. Ренат Карчаа — Росенергоатом гендиректорының кеңесшісі бұрынғы бас инженер Юрий Черенчуктың жаңа құрылған басқару кампаниясыынң бас директоры және бірінші орынбасары болып тағайындалғанын мәлімдеді. Және «ЗАЭС пен Энергодар қаласының (ЗАЭС-ке жақын қала) аумағынан шығу мен босату белгілері жоқ» екенін кезекті рет еске салды.

Алайда, украиналық энергоатом өкілдері ресейліктердің ЗАЭС аумағынан кетуге дайындалып жатқанын байқап отырғанын айтуда.

Мұндай сценарий Ресей әскери қолбасшылығы үшін айқын жеңіс немесе жағдайдың олардың пайдасына шешілгенін білдіреді, сондай-ақ МАГАТЭ-нің ЗАЭС төңірегінде демилитаризацияланған аймақ құрудағы рөлі жоғары бағаланады.

Ресей қолбасшылығы алға қойған мақсаттарын түбегейлі өзгерткен болуы мүмкін және қолбасшылықтың айқын әскери сәтсіздіктері аясында кезекті стратегиялық нысанның уысынан шығарып алуы қоғамдық пікірге ауыр соққы болмауы үшін жоғары басшылықтың ұстанымын тағы бір рет өзгертуге дайындап жатыр.

 

 

Добавить комментарий