Ресей заңсыз еңбек етіп жүргендерді елден шығарып жібереді

Ресей билігі заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттарды елден шығаратынын мәлімдеді.

«1 қаңтардан бастап заңсыз еңбек етіп жүргендерге айыппұл (бес мың рубльге дейін) бөлек шетел азаматтарын Ресейден шығарып жіберуге және қайтып келуге тыйым салу бойынша шаралар қабылдауы мүмкін. Шетел азаматтарын еңбекке заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілерге әрбір жұмысшысы үшін айыппұл (800 мың рубльге дейін) салынуы мүмкін», — деп хабарлайды Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығы.

Маусым айында Ресей президенті Владимир Путин коронавирустық инфекцияның (COVID-19) қайта таралуын болдырмау үшін РФ-да шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі уақытша шаралар туралы жарлыққа қол қойды.

ІІМ хабарлағандай, 31 желтоқсанда Ресей президенті енгізген уақытша шектеу шаралары аяқталады, сондықтан шетелдіктерге ел аумағынан шықпай жұмысын заңды түрде жүзеге асыру мақсатында өздерінің құқықтық мәртебесін реттеуге мүмкіндік береді.

Добавить комментарий