Ресей вакцинацияны келесі аптадан бастайды

Ресей коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация басталғанын жариялады. Владимир Путин фармацевтика өнеркәсібінің дәрігерлерді қажетті мөлшермен қамтамасыз етуге дайын екендігін мәлімдеді.

«Бізде екі миллионнан астам доза өндірілгенін немесе алдағы бірнеше күнде өндірілетінін білемін, әлемде алғашқы тіркелген «Спутник V» коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина өндірісі осындай деңгейге жетеді.

Бұл бізге жаппай болмаса да, ауқымды вакцинацияны бастауға мүмкіндік береді және, әрине, келісілгендей, ең алдымен, екі қауіп тобы — бұл дәрігерлер мен мұғалімдерге салынады», — деді Владимир Путин Қорғаныс министрлігінің көпфункционалды медициналық орталықтарын ашуға арналған бейнеконференция кезінде.

Ресей өнеркәсібі коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауға дайын, деп атап өтті Путин.

Вице-премьер Татьяна Голикова желтоқсанда ауқымды вакцинацияны бастауға барлық мүмкіндіктердің бар екенін растады.

Бұған дейін РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко коронавирусқа қарсы екпені бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар, тіршілікті қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ қарттар мен қант диабетіне, семіздікке, гипертонияға шалдыққандар алады деп атап өткен болатын.

Қараша айының соңында ресейлік вакцинаның халықаралық жеткізілімі 2021 жылдың қаңтарында басталатыны белгілі болды. Ол бір адамды вакциналауға қажетті екі дозасы үшін 20 доллардан аспайтын болады.

Добавить комментарий