РФ президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Ресейдің Анкараға Сирияның солтүстігінде әскери арнайы операция жүргізуден бас тартуды сұрағанын айтты.
Лаврентьев: бұл Түркияның қауіпсіздігі мәселесін шешпейді.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Түркияның қарулы күштері мен Сирия еркін армиясының (СЕА) жауынгерлері Сирияда жаңа операция бастауға дайындық жұмыстарын аяқтаған. Қазіргі таңда армия операция бастау үшін Анкараның бұйрығын күтіп отыр.
Мәскеу Сирияда арнайы операция жүргізуге қарсы, себебі бұл аймақты тұрақсыздандырады деп есептейді. Қазір Ресей, Иран және Түркия Сирияның солтүстігінде әскери операция жүргізу мүмкіндігін талқылап жатыр. Сонымен қатар, Ливан, Ирак, Иордания бақылаушыларымен консультациялар өтеді.