Ресей Түркия және Танзаниямен әуе қатынасын тоқтатты

РФ-дағы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб Түркия және Танзаниямен әуе қатынастарын 15 сәуір мен 1 маусым аралығында тоқтату туралы шешім қабылдады. Ресей билігінің ресми ақпараты бойынша, осы елдермен арадағы әуе қатынасын шектеуге коронавирус, дәлірек айтқанда, Түркия мен Танзанияда да өршіп тұрған эпидемиологиялық жағдай себеп болды.  «Шектеу қоюға осы екі елдегі өршіп тұрған COVID-19 жағдайы себеп болды» деп мәлімдеді вице-премьер Татьяна Голикова. Барлық чартерлік және тұрақты рейстер тоқтатылды. Мәскеу мен Ыстамбұл арасында аптасына екі рет ұшатын тұрақты рейс қана қалды.

Ресей билігі шын мәнінде бұл елдердегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіріп, өз азаматтарын COVID-19-дан қорғауп қалу үшін әуе қатынастарын тоқтатты ма әлде Түркия Украинаны қолдағаны үшін Кремль осындай қадамға барып, геосаяси мәселені осылайша шешпекші ма.

Путин қос ел арасындағы әуе қатынасын тоқтатып, Ердоғанды түрік қазынасына ресейлік туристерден түсетін кірістерден айыру арқылы жазаламақ. 15 сәуірден бастап 1 маусымға дейінгі аралықта 500 мыңнан астам Ресей азаматы Түркияға жалпы құны 354,6 миллион еуро болатын тур броньдағаны белгілі. Ресей билігінің осындай шешімінен Түркияға демаламыз деп жүктерін дайындап, жолдама алған жарты миллионнан астам ресейлік азамат зардап шекті. Ресей билігі әлемдік аренада өз үстемдігін көрсетуді бірінші кезекке қойып, өз азаматтарын ойына да алмайтыны анық.

Ресей билігінің қос ел арасындағы әуе қатынастарына енгізілген шектеудың ресми нұсқасы күмән тудыратын бірнеше мысал келтірейік.

  1. АҚШ пен РФ арасында әуе қатынасы тоқтаған жоқ.

  2. Қыстың соңғы айында көптеген ЕО елдері Танзанияда (Занзибар мен Пембуды қоса алғанда) COVID-19 індетінің өсуіне алаңдаушылық білдіріп, өз азаматтарына танзаниялық курорттарға баруға тыйым салды. Алайда сол кезде РФ билігі аталған елде аурудың өршігеніне қарамастан, ешқандай шектеу енгізген жоқ.

3, 2020 жылғы қараша айының соңы мен желтоқсанның басында Түркияда ауруға шалдыққандар саны артқан кезде де ресейлік туристер үшін айқара ашық болды. Еске сала кетейік, сол уақытта Түркияда тәулігіне 30 мыңнан астам науқас тіркеліп отырған болатын.

  1. Украина президенті мен Түркия президенті арасындағы кездесуден кейін шектеу енгізілді. Сенбі, 10 сәуір күні Украина президенті Владимир Зеленский Түркия көшбасшысы Режеп Ердоғанмен кездесу үшін Стамбулға аттанғаны белгілі. Кездесу барысында Ердоған көпшілік алдында Украина президентіне бірқатар мәселелер бойынша қолдау білдірді. Түркия Украинаның НАТО-ға қосылуын қолдайтынын, сондай-ақ Ердоған Түркия Қырымның аннексиялауын ешқашан мойындамайтынын мәлімдеді. Ердоғанның айтқан сөздері мен Түркияның Украина егемендігін қолдауы Ресей әскерлерінің Украинамен шекаралас аймаққа тартылуына байланысты болды. Айта кету керек, Түркия Украинаға Bayraktar TB2 ұшқышсыз әуе соғыс аппараты жеткізеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина мен Түркия басшыларының кездесуінен кейін түрік басшысынан «Киевтің әскери мәлімдемелеріне талдау жасауды» сұрап, «Украина билігінің милитаристік күйін жандандыра түсуден» сақтандырды.

Түркияға саяхатқа билетті сатып алған жарты миллион азаматтардың мәселесін шешуге биліктің құлшынысы жоқ. Ростуризм 1 маусымға дейін билет сатып алған туристерге демалыс бағытын өзгертуге немесе сапарды кейінге қалдыруға кеңес берді.

Добавить комментарий