Ресей соғыс алаңындағы мобилизацияланғандар санын арттыруда: Украина барлау қызметі

«Ресей әскерінің Украина аумағына баса көктеп кіргеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Кремльдік пропаганда бір жыл бойы Ресей халқын соғыс алаңында болып жатқан оқиғаларды нақты жеткізбеді. Ресейліктердің басым көпшілігі соғысты ұзақ уақыт бойы тек көгілдір экраннан ғана көрсе, ал басқалары үшін соғыс шын еместей көрінді. Мобилизациядан кейін жағдай өзгере бастады. Ресейліктер жақын туыстарынан, әріптестерінен, достары мен таныстарынан жер қойнауына тапсырып, соғыстың ауыр зардаптарымен бетпе-бет келді», — деп жазады аналитика және саясаттану саласындағы батыстық сарапшылар.

Мысал ретінде Мәскеу облысында мобилизацияланғандардың туыстарының Владимир Путинге және Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға жасаған үндеулері келтіріледі, онда олар ұлдары мен күйеулерін шабуылдау бөлімшелерінен қайтаруды сұраған.

Батыстық сарапшылары Украинадағы соғыстың ресейліктер үшін жағымсыз салдары туралы: «Ресейліктер соғыстан не күтуі керек? Бұл сұраққа бас қатырмай жауап берсе болады. Пропаганда енді қоғамды уысында ұстай алмайды, өйткені соғыс алаңына көптеген мобилизацияланғандар аттанып, ұрыс қимылдарына қатысып жатыр, ал уақыт өте келе олардың саны бұдан да көп болады. Өздеріңіз білетіндей, РФ әскери-саяси басшылығы «Вагнер» ЖӘК-ке тәуелділіктен құтылып, аталған құрылымды шетке ысырып қойып, белсенді жауынгерлік қимылдарды жүргізетін тұрақты әскерге басымдық беріп отыр».

Фото: Өз кезегінде британдық барлау қызметі ресейлік әскерилер орасан зор ауыр шығынға ұшырағанын атап өтті

Британ барлау қызметі Ресей әскері көп шығынға ұшырағанын айтып отыр. Сарапшылардың бейресми бағалауы бойынша, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Ресей соғысқа қатысуға жоспарланған әскерилердің 93%-ынан, барлық танктердің 90%-ынан, зымырандардың 80%-ынан және артиллерияның 70%-ынан айырылды.

«Ресей орасан зор шығындарға қарамастан, Ресей үкіметі арнайы әскери операцияны жалғастыруға ниетті. Путин ұзаққа жалғасатын соғысқа дайындалып жатыр. Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бейбітшілік орнатуға алғышарт жоқ деп мәлімдеді», — деп жазады украиналық саяси технологтар.

Кремль тоқтап қалмай, адамдарды әскерге тартуды жалғастырады деп болжанып отыр. «Осылайша, 1 сәуірден бастап РФ Қорғаныс министрлігі Ресей армиясына шартты қызметтегі әскерилерді тарту үшін жаңа іріктеуді бастайды, жоспар бойынша 400 мың адамды шақыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, РФ-ның Воронеж облысы билігі «әскери есеп деректерін өзектендіру» үшін өңірге әскерге шақыру қағаздарын жіберу туралы шешім қабылдады. Журналистердің мәліметі бойынша, әскери комиссариат қызметкерлері университетке келіп, студенттерге әскерге шақырту қағаздарын таратады», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Фото: Өз кезегінде британдық барлау қызметі ресейлік әскерилер орасан зор ауыр шығынға ұшырағанын атап өтті

Өз кезегінде Песков РФ-да мобилизацияның жаңа легі жүргізілмейтінін, ал әскерге шақырту қағаздарын тарату — қалыпты тәжірибе екенін айтты. «Үнемі өтірік айтып, елді мағынасыз соғысқа тартқан үкіметке сенім артуға бола ма? Әрине, жоқ», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Британия барлау қызметі Ресей снарядтарға лимит енгізіп жатқанын, ал РФ жаяу әскері нашар жабдықталғанын айтуда. Өз кезегінде Шойгу Ресейдің зымыран шығаратын ірі холдингіне өндіріс көлемін екі есеге арттыруды тапсырды. Украиналық және батыстық барлау мәліметтері бойынша Ресей армиясы жоғары дәлдіктегі зымырандардың тапшылығына ұшырады.

Осындай жағдайларға байланысты ресейлік әскерилер қатарында өлім саны айтарлықтай артуы мүмкін, деп мәлімдейді саяси технологтар.

Добавить комментарий