Ресей әскерлері Бахмут түбінде басымдықтан айырылып жатыр

Украина Қарулы күштерінің қарымта шабуылы нәтижесінде Бахмут ауданында Ресей әскерлері басымдықтан айырылып жатыр, делінген Соғысты зерттеу институтының (ISW) есебінде.

Америкалық сарапшылардың есебіне сәйкес, ресейлік және украиналық ресми тұлғалар 17 мамырда Бахмут түбінде Украинаның қарымта шабуылдары жалғасып жатқанын мойындады.

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Украина Қарулы күштері Бахмут қапталында белгіленбеген бағытта келе жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Шығыс тобының өкілі Сергей Череватый қорғаушылар Бахмут бағытында 500 метрге дейін алға ілгерілеп, Ресей әскерлерінің қапталына шабуылдауды жалғастыратынын атап өтті.

Ресей Қорғаныс министрлігі ресейлік әуе-десанттық әскерлер шамалы ғана алға жылжығанын растады, бірақ Богдановка (Бахмуттан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым) және Ивановскийден (Бахмуттан батысқа қарай 6 шақырым) Бахмут қапталында Украинаның қарымта шабуылдары жалғасып жатқанын мойындады.

Евгений Пригожин Қорғаныс министрлігінің аумақтық жетістіктер туралы мәлімдемесін жоққа шығарып, кері шегінуді жаңа позицияларды жаулап алу деп жариялағаны үшін сынға алды.

ISW есебінде Ресей әскерлері Бахмут ауданындағы басымдықтан айырылғаныны айтылған.

Добавить комментарий