Ресей әскері Краматорскіде АҚШ әскерилерін өлтірді

АҚШ Теңіз жаяу әскерінің барлау офицері Скотт Риттердің айтуынша, Ресей әскерлері Краматорскіге жасаған шабуылы кезінде америкалық жалдамалыларды өлтірді.

YouTube жарияланған видеода сөйлеген сөзінде ол Краматорскіде Румыниядан Blackhawk тікұшағымен ұшып келген америкалық әскери персонал көп болғанын атап өтті.

Риттер тікұшақтар шекарадан өткеннен кейін транспондерді өшіргенін аытты. Аталған тікұшақтардың басты мақсатының бірі ұрыс алаңынан жарақат алғандарды эвакуациялау болып табылады. БҰҰ-ның экс-инспекторы Ресей шешім қабылдау бойынша әскери орталықтарға соққы жасауды жалғастыратынын, бұл қақтығысқа қатысушы барлық тараптарға залал келтіретінін ескертті.

Бұған дейін РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-лейтенант Игорь Конашенков Краматорскідегі Украина Қарулы Күштері 56-шы мото-жаяу әскері бригадасының командалық құрамының уақытша орналасу пункті ресейлік әскерилер шабуылына ұшырағанын хабарлады.

Ол сондай-ақ Ресей Қарулы күштері 134 ауданда артиллериялық бөлімшелерге, сарбаздар мен әскери техникаға жедел-тактикалық және әскер авиациясымен, зымыран және артиллериямен соққы жасағанын, нәтижесінде 93 артиллериялық бөлімшеге залал келгенін атап өтті.

«Краматорскіде Румыниядан екі Blackhawk тікұшағымен ұшып келген америкалық әскери персонал [Ресей] шабуылына ұшыраған, олар шекарадан өткеннен кейін транспондерді өшірген», — деді ол YouTube-та америкалық журналист Гарланд Никсонға берген подкастында.

Добавить комментарий