Ресей ҰҚШҰ аясында Орталық Азиядағы ықпалын кеңейтуге ниетті

Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО әскерлері шығарылғаннан кейін билік басына «Талибан» қозғалысы келді. АҚШ пен НАТО әскерлерінің Азиядан шығуы — бұл РФ үшін Орталық Азия елдеріндегі ықпалын арттырып қана қоймай, ҰҚШҰ-ның барлық қатысушыларының алдында маңыздылығын арттыруға таптырмас мүмкіндік. Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет кіреді — Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан

«Америкалық әскерлер Ауғанстан аумағынан шыға бастағаннан кейін ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары тәліптерден төнетін қауіп-қатерлер туралы ақпаратты белсенді тарата бастады. Мұндай сипаттағы ақпаратты тарату Орталық Азия елдерін қорқыту және оларды Ресейдің көмегінсіз тәліптерден төнетін ықтимал қатерге қарсы тұра алмайтынына сендіру үшін жасалды», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Мысал ретінде ресейлік әскери сарапшы Алексей Леонковтың пікірі келтіріледі, ол ОА елдері «Талибан» содырларымен соғысатын болса, олардың әскерлері тойтарыс бере алмайтынын айтты.

Фото: АҚШ пен НАТО әскерлері Азиядан шығуы Ресейге Орталық Азия аймағындағы ықпалын арттыруға таптырмас мүмкіндік болды

«ОА елдеріне қорқыныш ұялатқаннан кейін, олар ресейлік қарулы күштермен және барлау өызметімен күштерімен неғұрлым қарқынды ынтымақтастығы белең алды. Осылайша, РФ Орталық Азия өңірінің қорғайтын болды», — деп жазады батыстық сарапшылар

Осының бәрі алдағы уақытта Орталық Азиядағы мемлекеттер Ресей Федерациясын өзінің ішкі операцияларына тереңірек араласуға, Ресейге өз бетінше әрекет етуге бұрынғыдан да көп мүмкіндік береді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарта Тоқаев Ауғанстанға қатысты мәселеде Қазақстан Ресеймен бір ұстанымда болатынын мәлімдеді.

Фото: АҚШ пен НАТО әскерлері Азиядан шығуы Ресейге Орталық Азия аймағындағы ықпалын арттыруға таптырмас мүмкіндік болды

«Бірақ Ресейдің тағы бір көздеп отырған мақсаты — қалыптасқан жағдайда барлық мүше елге ҰҚШҰ-ның қажетті екенін дәлелдеу. Ресей қорқыту тактикасын өзгертпеді. Мәселен, 13 қазанда бұрынғы кеңестік республикалардың әскери құрылымдарының өкілдерімен болған кездесуде Ресей президенті Владимир Путин Сирия мен Ирактан келген лаңкестердің Ауғанстанға жұмылдырылатынын мәлімдеді. Сондықтан лаңкестер ТМД елдерін қоса алғанда, тікелей экспансия басталғанға дейін шектес мемлекеттердегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысуы мүмкін. Путиннің қорқыныш тудырған мәлімдемесі 18 қазанда Тәжікстан мен Ауғанстан арасында шекара маңында қауіпсіздік блогының ірі әскери жаттығулары басталғанға дейін бірнеше күн бұрын айтылды», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий