Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы полигонда құрлықаралық баллистикалық зымыранды сәтті сынақтан өткізді.
Операция Астрахан облысындағы «Капустин Яр» полигонынан жүргізілді. Ұшыру құрлықаралық баллистикалық зымырандардың перспективалық жауынгерлік жабдықталуын тексеруге бағытталды және ресейлік Қорғаныс министрлігі стратегиялық мақсаттағы жаңа зымыран кешендерін әзірлеу кезінде қолданылатын техникалық және схемалық-конструктивтік шешімдердің дұрыстығын растауға мүмкіндік бергенін атап өтті.