Ресей пропагандасының жаңа тезистері

2022 жылғы 24 ақпанда басталған Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы Украина мемлекеті мен украиндарды жою мақсатында жүргізіліп жатыр. Мәскеу соғыс жүргізудің кез келген әдісімен алға қойған мақсатына қол жеткізбек. Батыстан жеткілікті көлемде қару-жарақ жеткізіліп, қолбасшылық сауатты шешімдерінің арқасында Украина жау күшін тежеп отыр. Дегенмен Украина армиясының кәсібилігі жеткіліксіз болып отыр. Украина билігі мен украиндықтар РФ тарапынан жалған ақпаратқа қарсы тиімді күресуі керек. Ақпарат кеңістігінде Мәскеу тарапынан Украинаға қарсы күрес жүргізіліп жатқаны құпия емес. Ресей украиналықтардың соғысуға деген сенімін төмендету үшін күн сайын көптеген жалған ақпараттар мен пропаганда таратуда. Бұған жол бермеу үшін әртүрлі көзден оқитын ақпаратқа ақылмен саралап қарастыру қажет.

Мәскеу украиндықтар тарапынан қолдау табу үшін бұрыннан күш салып келеді. 1991 жылы Украина тәуелсіздік алғаннан кейін Ресей Киевті өзінің ықпал ету аймағында ұстауға тырысты. Владимир Путин билікке келгеннен кейін пропаганданы күшейтіп, Украинаны ресейшіл бағытта ұстауға тырысты. Ресейлік телеарналар мен ресейлік партиялар РФ-мен қайта қосылу идеясын алға тартты. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Украина Беларусь секілді Ресейдің сателлитіне айналуы тиіс еді. Бірақ 2014 жылғы агрессия, содан кейін 2022 жылғы 24 ақпанда баса көктеп кіргеннен кейін бұл жағдай мүмкін емес болды. Соғыс кезінде Мәскеу бейбіт риторикасын өзгертіп, украиналықтардың билік пен армияға деген сенімін түсіру үшін әскери пропаганда мен дезинформация кампаниясын жүргізді.

Өткен аптада Ресейді қолдайтындармен күресу үшін УҚҚ Еуроодақ елдері аумағындағы украиндықтарды жұмылдырып жатқаны ьуралы ақпарат жарияланды. Бұл туралы Стратегиялық коммуникациялар және ақпараттық қауіпсіздік орталығы хабарлады. Ресейлік БАҚ бұл тезисті жариялады, бірақ шын мәнінде Украина үкіметі мұндай қаулы қабылдауы мүмкін емес, себебі бұл Еуропа мемлекеттерінің заңнамасын бұзады. StopFake журналистері бұл жаңалықты таратқан көзді анықтады, оның пародиялық сипаты бар екені анықталды, ал оның профилі — шетелде украиндар туралы жалған ақпарат тарату және Украинадағы мобилизация.

Ресейлік TG-каналдарда Ивано-Франковск облысында декреттегі әйелдерге әскерге шақыру жасындағы ер азаматтар туралы ақпарат бергені үшін 3 000 гривен көлемінде сыйақы ұсынылғаны туралы жалған ақпарат таратыла бастады. Ұсыныстар әйелдерге WhatsApp мессенджерінде жіберіліп жатыр-мыс. Шын мәнінде бұл жалған ақпарат. Ресейлік БАҚ Украинадағы мобилизацияға кір түсіруге тырысып келеді және бұл осыған бағытталған кезекті тезис, деп хабарлады Орталық.

Сумы қалалық әскери әкімшілігінің хабарлауынша, РФ армиясы солтүстіктен Сумы қаласына қарай бет алғаны туралы жалған ақпарат таратыла бастады. Бұл туралы әскери әкімшілік басшысы Алексей Дрозденко жазды. Ол Ресей таратқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды және нақты қауіп жоқ екенін айтты. Украин әскерилерінің хабарлауынша, қазір Харьков облысының шығысында жағдай күрделі, бірақ бақылауда, ал Ресей шекарасы тарапынан Сумы қаласына шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат украиндықтар арасында дүрбелең тудыру үшін таратылуда.

Сондай-ақ ресейлік БАҚ Валерий Залужныйдың отставкаға кеткеннен кейін «президент Владимир Зеленскийдің амбициясы» қанағаттандыру үшін адамдарды соғысқа жем ретінде жіберіп жатқанын жарыса жазды. Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы бұл жаңалық РБК-Украина атын жамылған «rbk.media» жалған ақпарат көзінен жарияланғанын хабарлады. Аталған сайт украиналық басылымды көшіріп, адамдардың сеніміне кірген. Алайда РБК-Украина сайтында мұндай мақала жарияланбады.

Қазір ақпарат өте жылдам тарайды. Соғыс кезінде ақпаратты тексермей, таратудың салдары ауыр болуы мүмкін. Тыл сенімді болуы тиіс және ол үшін украиндықтар оқыған ақпарат көздерін тексеріп, тексерілген ресурстардың ақпаратына сеніп, ресми арналардағы ақпаратты тексеруі қажет.

Добавить комментарий