Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келді.
Астана әуежайында Мишустинді премьер-министр Әлихан Смайылов пен Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин күтіп алды.