Ресей мен Қытай БҰҰ-ның Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысқа қатысты қараррды қабылдауға вето қойды

Сәрсенбі күні Ресей мен Қытай БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Израиль мен палестиналық ХАМАС тобы арасындағы Газа секторындағы қарулы қақтығысқа қатысты АҚШ ұсынған резолюцияға вето қойды. Аталған резолюция осы өңірдегі гуманитарлық дағдарысты шешу мақсатында әзірленді және гуманитарлық көмек жеткізу үшін ұрыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырады.

Біріккен Араб Әмірліктері де бұл резолюцияға қарсы дауыс бергені белгілі болды, ал Қауіпсіздік Кеңесінің 10 мүшесі оны қолдап, екі мүшесі дауыс беруден қалыс қалды.

Дереккөз: Reuters

Добавить комментарий