Ресей мен Беларусь президенттері қыркүйектің алғашқы онкүндігінде кездеседі

Мәскеуде Беларусь пен Ресей президенттері кездеседі. Жүздесу биылғы жылдың 9 қыркүйегіне жоспарланған.

Келіссөздер 9 қыркүйекте өтеді. Қос елдің үкіметі дайындаған одақтық бағдарламалар және әлемде орын алып жағдай қаралатын болады.

Бұған дейін 30 тамыз таңертең Лукашенко мен Путин телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстандағы жағдайды талқылағаны хабарланған болатын. Өз кезегінде Кремльдің баспасөз қызметі Путин Лукашенконы туған күнімен құттықтағанын хабарлады. Дүйсенбі күні Беларусь президентң 67 жасқа толды. Кремльдің сайтында жарияланған құттықтау жеделхатында Путин әріптесінің қос ел арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайтудағы күш-жігерін жоғары бағалады.

Путинмен Лукашенко соңғы рет 13 шілдеде Санкт-Петербургте кездескен. Бұл олардың 2021 жылғы төртінші жеке кездесуі болды. Бұған дейін көшбасшылар ақпан, сәуір және мамыр айларында кездескен болатын. Кездесулердің барлығы Ресей аумағында өткен.

Добавить комментарий