Ресей мен Беларусь аймақтар форумында 50 келісімге қол қойды

Ресей мен Белоруссия өңірлер форумы аясында ынтымақтастық туралы 50-ге жуық келісім жасалды, деп хабарлады бейсенбі күні Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің (жоғарғы палатасы) төрағасы Наталья Кочанова форумда сөйлеген сөзінде.

«Форумда үкіметаралық, өңіраралық, түрлі қызмет салаларындағы ұйымдар деңгейінде ынтымақтастық туралы шамамен 50 келісім жасалды», — деп атап өтті беларусь парламентінің жоғарғы палатасының спикері.

Көшанова Беларусь-Ресей іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылғанын хабардар етті. Ол аталған кеңестің қызметі «тікелей бизнес-байланыстарды кеңейтуге, өзара сауда мен инвестицияларды ұлғайтуға» ықпал ететініне сенім білдірді.

Республика Кеңесінің басшысы соңғы уақытта одақтық ғылыми-техникалық бағдарламалардың қысқару тенденциясы байқалатынын атап өтті. «Егер өткен жылы осындай жеті бағдарлама жүзеге асырылса, биылғы жылы төрт бағдарлама ғана іске асырылды. Ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру азайды, 2020 жылы Одақтық мемлекетте шығындардың үлесі 29%-ды болды, ал биыл тек 13%-ды құрады», — деп нақтылады Кочанова. «Біз бұл тенденцияны өзгертуіміз керек», — деп мәлімдеді ол.

Беларусь парламенті палатасының спикері қазіргі таңда «Батыстың біздің елдерімізге (Белоруссия мен РФ — ТАСС) қарсы ашқан ақпараттық соғыс, жаппай санкциялық қысым шындыққа айналғанын» атап өтті. «Олардың мақсаты — бізді, оның ішінде технологиялық тұрғыдан әлсірету», — деп санайды Кочанова. Оның айтуынша, «демократиялық құндылықтарды ілгерілетудің астарында Беларусьтің өндірістік әлеуетін бұзу, әлеуметтік-саяси жағдайды шиеленістіру, елдің халықаралық аренадағы беделіне нұсан келтіру, нәтижесінде Еуропаның дәл ортасында тұрақсыздық аймағын қалыптастыру бойынша жауапсыз шаралар қабылдануда». «Осы ортақ қауіп-қатерлердің қарсы [Белоруссия мен Ресей] бұрыңғыдан да қатты бірігуіміз керек», — деді Беларусь парламентінің жоғарғы палатасының спикері.

Добавить комментарий