«Ресейде «ойын ережелері» дереу өзгеруі мүмкін басқару жүйесі құрылды. Оның жарқын мысалы күллі өркениетті әлем толыққанды соғыс деп атаған Украинадағы арнайы операцияны келтірсек болады», — деп жазады саясаттанушылар.
Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда Донбасстың орыс тілді азаматтарын қорғау, сондай-ақ Украина мемлекетін демилитаризациялау және денацификациялау үшін Украинада арнайы операцияны бастағанын жариялағаны белгілі.
«Арнайы операция жариялағаннан кейін Путин режимі күштік ведомстволардың көмегімен арнайы операцияны соғыс деп атаған азаматтарды жауапқа тарта бастады», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Украинаның қарулы күштері қарымта шабуыл бастап, нәтижесінде бүкіл Харьков облысы Киевтің бақылауына өтті
Кейбіріне қомақты айыппұл салынды, басқаларына әлдеқайда көп айыппұл салынды. Мәскеу соты депутаттар кеңесінің отырысында Украина аумағында болып жатқан оқиғаларды соғыс деп атаған муниципалдық депутат Алексей Гориновты «әскери жалған» ақпарат таратты деп айыптап 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ Ресейде соғысқа қарсы кез келген митингінің жолы кесілді. Мәселен, соғысқа қарсы алғашқы наразылық акцияларында 1,5 мыңнан астам адам ұсталды.
Соғысқа қарсы белсенділер мен тәуелсіз журналистерге қатысты қылмыстық істер қозғалып, тінту жүргізіліп, оларды қамауға алды. «Роскомнадзор» барлық ресейлік БАҚ пен журналистерге РФ-ның Украинамен соғысын соғыс, басып кіру, шабуыл деп атауға тыйым салды. Ресей әскерлері Украина аумағына баса-көктеп кіргеннен кейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары түрлі шектеулерге ұшырады, мәселен РФ аумағындағы сайттар бұғатталды. Путиннің режимі Украинадағы соғыстың кез келген жолмен сынға ұшырамауы үшін бағыт алды.

Украинаның қарулы күштері қарымта шабуыл бастап, нәтижесінде бүкіл Харьков облысы Киевтің бақылауына өтті
Өз кезегінде ресейлік БАҚ арнайы операция РФ-ның жеңісімен аяқталатынын мәлімдеді. Мұндай болжамдар, біріншіден, ресейлік қоғамда оптимизм тудырды, ал екіншіден, Украинаға баса-көктеп кіру бейбіт халыққа әсер етпейтініне сендіруге тиіс еді.
Украина Қарулы күштері қарымта шабуылды бастап, нәтижесінде бүкіл Харьков облысы Киевтің бақылауына өтті.
«Ресей армиясы әскери техника жағынан да, сарбаздары жағынан да орасан зор шығынға ұшырай бастады. Салдарынан Ресей президенті адам шығындарының орнын толтыруға мәжбүр болды — ол ішінара мобилизация жариялады. Бұл іс-шара бейбіт тұрғындарға қатысты болды. Бұған Украинаның батыс одақтастары ресейліктердің әл-ауқатын айтарлықтай нашарлатқан көптеген антиресейлік санкцияларды қосса болады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Соғыстағы сәтсіздіктер Путиннің ішкі ақпараттық күн тәртібін өзгертуге мәжбүр етті. Ел билігі Ресейдің НАТО мен ұжымдық Батысқа қарсы соғысы жүріп жатқанын айтып отыр. Өз кезегінде олардың пропагандасы ресейліктерді отан алдындағы борышын өтеуге мәжбүр етеді. Әскерге шақырту жасындағы әрбір ресейлікті соғыс алаңына аттанып, өз елін қорғауға шақыруда.
Путин режимі ресейліктерге шебер түрде манипуляция жасап келді. Өз кезегінде ресейліктердің басым бөлігі мұны байқамауда немесе байқағысы келмейді. Ресей президенті өзінің империялық амбициясымен күллі елді тұтқында ұстап отыр.