Ресей мұнайының бағасы құлдырап барады

АҚШ-тың жаңа шектеу шарасы енгізілгеннен кейін, Ресей мұнайының бағасы G7 санкцияларында белгіленген деңгейге қайта түсіп, елеулі құлдырауда. Ресейлік Urals мұнайының экспорттық сорты барреліне $60 төмендеді, бұл әлемдік нарықта алаңдаушылық тудыруда, деп хабарлайды Bloomberg.

Reuters мәліметінше, Балтық теңізіндегі «Приморск» және «Усть-Луга» порттарынан жөнелту кезінде Urals бағасы жаздан бері алғаш рет барреліне $60-ға төмендеп, Үндістанға жеткізу бойвнша FOB шартымен $58- $59 деңгейіне жетті. Бұл трейдерлер мен сарапшылар арасында алаңдаушылық тудырып, бағаның төмендеуіндегі айқын трендті көрсетті.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының құлдырауына АҚШ-тың БАӘ-нің кеме иелеріне қарсы салған жаңа санкциялары және мұнайдың әлемдік құнының әлсіреуі болып отыр. Бұл жаһандық сұранысқа қатысты алаңдаушылықтарға байланысты мұнай бағасы төртінші апта қатарынан құлдырап барады, деп атап өтті Bloomberg басылымы.

Қазан айының басынан бері АҚШ Түркия мен БАӘ-де тіркелген Yasa Golden Bosphorus пен SCF Primorye сияқты бірнеше танкерлерді қара тізімге енгізу туралы шешім қабылдады. 16 қарашада БАӘ-нің үш танкері мен кеме қатынасы компанияларына қатысты жаңа санкция салынды. АҚШ билігі Ресейге қарсы санкцияларды сақтау үшін 30 елдің 100 танкерін тексеріп жатыр.

2022 жылғы 5 желтоқсанда G7 елдері салған санкцияға сәйкес, мұнай құны барреліне $60-тан асатын болса, ресейлік мұнайды теңіз арқылы тасымалдау үшін компанияларға тасымалдау және сақтандыру сияқты қызметтерді ұсынуға тыйым салады. Алайда, 2023 жылдың жазынан бастап бұл механизм жұмыс істемей, Urals-тың орташа бағасы белгіленген баға шегіінен асып түсті. Жаздың соңына қарай ресейлік мұнайдың төрттен үш бөлігі барреліне $60-тан қымбат бағада сатылды.

Добавить комментарий