Ресей әлем елдерін Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР және ЛХР) егемендігін мойындауға шақырды. Бұл туралы сейсенбі күні РФ СІМ-нің ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін тану туралы мәлімдемесінде айтылған.
«Ресей әлем елдерін өзінен үлгі алуға шақырады», — делінген мәтінде.
РФ СІМ-нің мәлімдеуінше, ДХР мен ЛХР тұрғындарына киевтік биліктің қырып-жойып жіберу қаупі төніп тұр, Киев үшін Донбасс сол жерде тұратын адамдар емес, аумақ маңызды анық.
Ресей президенті Владимир Путиннің ДХР мен ЛХР-ның егемендігін тану туралы шешімі бірінші кезекте гуманитарлық тұрғыда айтылды, деп мәлімдеді РФ СІМ.
«Ресей президентінің бұл шешімі ең алдымен гуманитарлық тұрғыда», Донбасс мәселесін «күшпен шешпек болып отырған украиналық режимнің олардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін нақты қауіп-қатерден, оның ішінде жүздеген мың Ресей азаматтарын да қоса алғанда, ДХР мен ЛХР-ның бейбіт халқын қорғауға бағытталған», — деп атап өтті дипломатиялық ведомство.