Баренц теңізінде бортында 19 теңізші бар «Онега» балық аулау кемесі суға батып кетті. Соңғы мәліметтер бойынша, екі адам құтқарылған. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Апат орнына бес кеме жіберілді.
«Сағат 07:30-да Архангельск облысының Новая Земля маңындағы Баренц теңізінің акваториясында «Онега» № МК 0331 кемесінің суға батқаны туралы ақпарат келіп түсті. Экипажда — 19 адам. Екі адам құтқарылды, «Войково» кемесімен іздеу жұмыстары жүргізілуде», — делінген ТЖМ хабарламасында.
Ведомствода суға батқан кеме балық аулау кәсіпшілігімен айналысқан, суға батуының себебі — мұздың қатуы», — деп мәлімдеді. 17 адамды іздеуге Новая Земля ауданына бес кеме жіберілді.
Ресей тергеу комитеті теңіз және су көліктерін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, суға батқан кемеде апат дабылы іске қосылды, бұл туралы ақпарат жедел түрде құтқару қызметіне келіп түсті», — делінген ТЖК хабарламасында.
“Онега” траулері, ресейлік теңіз кеме қатынасы тіркелімінің ашық деректеріне сәйкес, 1979 жылы Норвегияда шығарылған. Оның сыйымдылығы — 358 тонна. Кеме Ресей туының астында жүрді. Соңғы тіркелген порты — Мурманск.