Украина Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына жасалып жатқан шабуылдарын назарға алып, алдағы жылыту маусымына белсенді дайындалып жатыр.
Украинаның Энергетика министрі Герман Галущенко елдің энергия секторын қолдау жөніндегі G7+ үйлестіру тобының отырысы кезінде осылай деп мәлімдеді.
Галущенко кездесуге қатысушыларға энергия жүйесіндегі қазіргі ахуал мен РФ-ның Украинаның стратегиялық нысандарына шабуылдары тоқтамағанын айтты. Ол сәрсенбіге қараған түні ресейліктердің дрондар мен зымырандармен жасаған шабуылы Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғанысының тиімділігін көрсеткенін атап өтті.
«Сонымен қатар, біз Ресей өз ниетінен бас тартпайтынын, әсіресе келесі жылыту маусымының басында энергетикалық инфрақұрылымға шабуылын жалғастыратынын түсінеміз. Сондықтан да біз қыс маусымына белсенді дайындалып жатырмыз, шабуылға ұшыраған нысандарды қалпына келтіріп, энергетикалық құрылыстарымызды қорғауды күшейтудеміз», — деп баса айтты министр.