РФ армиясы Украина аумағына басып кіруі салдарынан Ресей әлемдегі ең көп санкцияға іліккен елдердің тізімінде көш бастап тұр. Қазіргі уақытта Ресей әлемдегі ең көп санкцияға ұшыраған ел. РФ Президенті НАТО Ресейге шабуыл жасап, елді жойғысы келді деген желеумен соғысты бастады. Еуропада құрлығындағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауқымды соғысты бастағаны үшін Ресейге қарсы салынған санкциялар ел азаматтарының өміріне және мемлекет экономикасына ауыз толтырып айтарлықтай әсер етпейді деп айтылуда. Алайда батыстық сарапшылар бұнымен келіспейді, олар ресейліктер соғыс салдарынан түрлі проблемаларға, соның ішінде азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауына тап болғанын мәлімдеуде.
Ел экономикасындағы ұзақ жылдар бойы болған поблемаларға батыстың санкциялары қосылып, азық-түлік бағасы шарықтап кетті. Ресейде жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады. Кейбір сауда орындарында даналап сата бастады, ал Белгород облысында жұмыртқаны сатуға шектеу қойып, тек бір адам сатып алатын қылды. Онда жиырма дана жұмыртқадан артық сатып алуға болмайды. Мәселен, мәскеулік дүкендердегі баға он данасы үшін 104,5 рубльден (519,3 теңге) 130 рубльге (646 теңге) арасында ауытқиды.
Ресей статистика агенттігі бір жыл ішінде жұмыртқа бағасы 25 пайызға қымбаттады деп отыр. Прокуратура өсім 40 пайызды құрайтынына сенімді. Монополияға қарсы комитет бұл деректі тексеруді бастады. Сарапшылар да өз пікірлерін білдіруде. Бағаның өсуіне не себеп болды. «Біріншіден, жемшөп пен ветеринарлық препараттар қымбаттады. Екіншіден, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін жанармай мен электр қуатының бағасы өсті. Үшіншіден, бағаның өсуіне санкциялық қысым әсер етті. Рубль бағамының өзгеруіне байланысты қиындықтар және т.б.», — дейді «Petrova Five Consulting» Бас директоры Марина Петрова.
Ресей фермаларға арналған тұқымдар, тыңайтқыштар мен техникалық жабдықтарды шетелден әкеліп отыратын. Қазір осының бәрі жетіспейді. Дефицитті қысқарту үшін Россельхоз көптеген түрік кәсіпорындарына Ресейге тауық еті мен жұмыртқа сатуға баж салығын алып тастады. «Ұзақ мерзімді перспективада бұл алаңдаушылық туғызады, себебі елде көктемде егіс науқаны басталады. Сәйкесінше, ауыспалы егіс және өзіндік құнның одан әрі өсуінде өзгерістерді байқайтын боламыз. Қазір жергілікті жерлерде Түркиядан келетін жұмыртқасының арқасында бағаның өсуімен күресеміз, бірақ, менің ойымша, мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізу қажет», — деп есептейді Марина Петрова.
Ресейдегі ең ірі құс фабрикасы «Синявская құс фабрикасы» өз жеткізушілеріне қызметкерлердің 30 пайызының жетіспеушілігіне байланысты жеткізілімдерде кідіріс болып отырғанын хабарлап, бұған мигранттардың елден жаппай кетіп жатқаны себеп болды деп алға тартуда. «Жұмыртқаның өзіндік құны мен оның түркілікті бағасының өсуіне тағы бір себебі — жұмыс күшінің болмауы», — деп санайды сарапшылар.
Экономистер Ресейдегі барлық азық-түлік тауарларына сұраныс жоғары екенін атап өтті.
Бір жыл ішінде Ресейде барлық азық-түлік тауарлары 2-3 пайызға және одан қатты қымбаттады. Инфляция тек азық-түлік секторын ғана емес, экономиканың басқа да салаларын қамтыды. Жұмыртқа өндірушілер өз өнімдерін жәрмеңкелерге әкелуде, оны сатып алушылар ұзын-сонар кезекке тұрады, себебі оларды машинадан он данасы үшін 70 рубльден (347 теңге) сатылады. «Ресейліктер басқа уақытта сьандартты азық-түлік себетін ала алмауы мүмкін. Бірақ әлеуметтік төлемдер түскеннен кейін дүкендерге барып, бәрін сатып алып, осылайша тауарлардың тапшылығын туғызады. Олар саясатпен бас қатырмай, Путин билік басында қалағанынша отыра береді деген ой түйген секілді. Мұндай логика оларды КСРО дәіріне кері қайьарып, жұмыртқа мен тауық етін сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.