Ресей газ құбырларында болған жарылыстарға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек

Ресей Еуропаға газ жеткізетін құбырлардың үш тармағына жасалған жарылыстарға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиналысын өткізу бастамасын жариялады.

Отырыс 30 қыркүйек, жұмаға белгіленді.

«БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің өтініші бойынша жұма күні Еуропаға газ жеткізетін ресейлік екі құбырының зақымдануын талқылау үшін жиналады, жарылыстың салдарынан Балтық теңізіне газ төгілді», — делінген Reuters басылымында.

Қыркүйек айында Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін француз миссиясы «кездесуде Ресей мен еуропалық әріптестер миллиардтаған доллар жұмсаған Nord Stream құбырына қатысты мәселе талқыланады» деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Германия қауіпсіздік қызметтері «Солтүстік ағынның» екі тармағы, «Солтүстік ағын — 2» бір тармағы зақымданғаннан кейін пайдалануға мүлдем жарамсыз болып қалады деп болжап отыр.

Бұған дейін Польша премьер-министрі Матрос Моравецкий Балтық теңізіндегі ресейлік «Солтүстік ағын — 1» және «Солтүстік ағын — 2» газ құбырларындағы газдың төгілуіне қатысты түсінік бере отырып, бұл РФ-ның Украинаға қарсы соғыста жағдайды ұшықтыруды білдіруі мүмкін деп болжаған болатын.

Добавить комментарий