Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Қазақстандағы ксенофобияға қатысты пікір білдірді

2021 жылғы 9 қарашада «Российская газетада» РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров жазған «Ресей мен Қазақстан: шексіз ынтымақтастық» атты мақаласы жарық көрді, онда 1992 жылғы 22 қазанда Ресей мен Қазақстанның өкілетті өкілдіктерімен алмасу туралы хаттамаға қол қойылғаннан бері қос елдің қарым-қатынасының тарихы туралы баяндалған. Аталған материал Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы достық қарым-қатынас орнаған күнге орай жарияланды.

«Лавровтың мақаласы ҚР-ға қатысты комплементарлық сипатқа ие, бірақ оның басқа нәрсені меңзегенін көруге болады. Атап айтқанда, егер мақаланың мәтінін Орталық Азия елдерінің ішкі саяси контекстімен салыстыратын болса байқалады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар. Олардың пікірінше, Ресей Қазақстанның жүргізіп жатқан саясатына оң қабақ танытпауда, яғни латын әліпбиіне көшу, жалпы өткен тарихқа қатысты түрлі көзқарастың бірдеу болмауы және қазақстандық қоғамда орыс тілінің беделін төмендету.

«Бұл мақала Ресей-Қазақстан арасындағы қарым-қатынас үйлесімді екенін көрсетеді, егер Нұр-Сұлтан Мәскеумен одан әрі жақсы байланысын сақтағысы келсе, ҚР-ның ішкі саясатында, әсіресе орыс тіліне және кеңестік өткенді өзгеріссіз қалдыру керек», — деп есептейді саясаттану саласындағы сарапшылар.

Фото: Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Қазақстандағы ксенофобияға қатысты пікір білдірді

Ресейдің сыртқы істер министрі республиканың қазақ тілді және орыс тілді азаматтары арасындағы қарым-қатынасына жеке тоқталып, Орталық Азия елінде орыс тілді азаматтарға қысым жасалып жатқанын айтып, ҚР-ны сынға алды. Бұл Ресейдегі жоғары лауазымды шендінің осы мәселе бойынша алғаш рет сыны екенін айта кеткен жөн.

Бұрын орыс тіліне қатысты қысым мен орыс тілді азаматтардың құқығына нұқсан келтіру туралы риторика негізінен екінші, тіпті үшінші эшелондағы ресейлік саясаткерлерден шыққан болатын. Осылайша, Мәскеу бұл мәселе бойынша ресми ұстанымын СІМ басшысы Сергей Лавров арқылы білдірді деп айтуға болады.

«Кезекті рет ресейлік тарап өз азаматтарын Қазақстанда орыс тіліне тыйым салынып, қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүрлеп, сондай-ақ орыс тілді азаматтардың құқығына нұқсан келтіруде деп сендіруге тырысып жатыр. Лавровтың сөзі Мәскеудің ашық түрде Қазақстанның ұлттық сәйкестендіру процесіне кедергі келтіріп жатқанын айқын көрсетеді», — деп қорытындылайды батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий