Ресей бірқатар неміс саясаткерлерінің келуіне тыйым салды. ГФР СІМ хабарламасын DPA агенттігі келтіреді.
ГФР үкіметтік аппараты өкілдеріне қатысты мұндай шаралар РФ-ның оппозиционер Алексей Навальныйдың улануына байланысты енгізген ЕО санкцияларына берген жауабы болды, деп нақтылады Германияның Мәскеудегі елшілігінің уақытша сенімді өкілі Беате Гжески.
«Тізімге енген адамдардың есімдері хабарланбады. Санкцияланғаны туралы олар Ресейге келгенде ғана біледі», — деп жазады агенттік.
Гжескиді, сондай-ақ Франция елшісі Пьер Левиді және Швеция елшілігінің өкілін Навальныйге қатысты жағдайға және ЕО-ның Мәскеуге қарсы санкцияларына байланысты сейсенбі күні РФ СІМ ғимаратына шақырды. Кейінірек Ресей СІМ мәлімдегендей, Мәскеу батыс елдерінің достыққа қайшы келетін қадамдарына жауап береді және Кремльдің Навальный оқиғасына қатысы бар деген желеумен Еуроодақтың ресейліктерге қарсы санкциялар қабылдауын орынсыз деп санайды.
Мәскеу санкцияға жауап ретінде Ресейге кіруге тыйым салынған ЕО азаматтарының қара тізімін кеңейтуге уәде берді, оған Ресейге қарсы санкциялық белсенділікті күшейтуге қатысы бар азаматтар кіреді