Ресей елшісі британдық азаматтың қайтыс болуына байланысты Британияның СІМ-ге шақыртылды

Британия СІМ Біріккен Корольдік азаматының қайтыс болу фактісі бойынша Ресей елшісі шақырылғанын хабарлады.

Еске салайық! Украина аумағында британдық азамат Пол Юри тұтқынға түскен болатын. Бүгін қалың жұртшылыққа оның қайтыс болғаны белгілі болды.

Британия СІМ Ресейдің Лондондағы елшісі Андрей Келинді тұтқынға түскен британдық Пол Юридің террористік «ДХР»-да қайтыс болғаны туралы хабарға алаңдаушылық білдіру үшін шақырды.

Британияның СІМ басшысы Лиз Трасс Пол Юридің ДХР-да қамауда қайтыс болғаны туралы хабарды ауыр қабылдағанын мәлімдеді.

«Бұл үшін Ресей толық жауапты. Пол Юри… Украинаға украин халқына көмектесу үшін келді», — деді Лиз Трасс.

«Ресей үкіметі мен оның прокси-күштері қылмыс жасауды жалғастыруда. Кінәлілер жауапқа тартылады», — деп толықтырды ол.

2022 жылдың сәуірінен бері тұтқын болған 45 жастағы британдық азамат Пол Юри осыдан бес күн бұрын қайтыс болды.

Украинаның Интернационалдық қорғаныс легионы оның қатардағы сарбаз болмағаны және Украинада соғыспағанын, тек гуманитарлық ұйымның қызметкері болғаны нақтылады.

Ресми түрде Пол Юридің 10 шілдеде «қойылған диагноз бен стресс» салдарынан қайтыс болған, айтылған және олар британдыққа медициналық көмек көрсетілді деп ағынан жарылуда.

 

Добавить комментарий