Ресей ЕАЭО-ны Қазақстанға ықпал ету құралы ретінде пайдаланады: саясаттанушылардың пікірі

ЕАЭО 2015 жылдың басынан бері оны құру туралы 2014 жылғы мамыр айының соңында қол қойылған келісім негізінде жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда ЕАЭО-ның құрамына 5 мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей. Қазақстанның бастамасымен құрылған бұл одақтың құрушыларының мәлімдемесіне сәйкес қатысушы елдер арасындағы экономикалық интеграцияның жоғары деңгейін қамтамасыз етуге міндетті болды. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына толық 5 жыл өткеннен кейін үміт ақталмағаны түсінікті болды, деп есептейді батыс елдерінің саясаттанушылары.

«Егер аталған одақ аясындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасын алатын болсақ, онда ол мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіріп қана қоймай, онымен қоса қарым-қатынасты ушықтырды деген қорытынды жасауға болады. ЕАЭО РФ мен ҚР әлемдік шикізат нарығында бәсекелесіп, ортақ нарықта бір-біріне талап қоятын алаңға айналды», — дейді украиналық мамандар.

Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан айыптаулар жиілеп кетті. Олар ҚР-ның экспорттаушыларына кедергілер мен Беларуське қарсы батыс елдері салған санкцияларға бірлесіп қарымта жауап беруге келіспеушілік туындағанына қатысты.

Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Жанел Күшікованың айтуынша, ЕАЭО-да 51 кедергі жойылды, оның 50%-ы Ресейге экспорттаушыларға байланысты.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерді экономикалық блоктан тыс тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырған Мәскеудің ұсынысынан бас тартты. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин егер Батыс елдері Беларуське қарсы санкция салса, ЕАЭО бірлесіп қарымта жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан одақтастарының мүддесін қорғап, санкцияға ұшырағысы келмейтінін, сондықтан Батыс санкцияларына қарымта жауап беруден бас тартамыз деген мәлімдеме жасады.

Добавить комментарий