Ресейдің Бас прокуратурасы 70 мыңға жуық интернет-ресурстар бұғатталғанын хабарлады. Бұған Ресей Федерациясының Қарулы күштері мен елдің билік органдарының беделін түсіретін фейктердің таралуы себеп болды.
2023 жылы Бас прокуратура Роскомнадзорға фейктерге тыйым салу туралы 555 талап-арыз жолдады. «69 мыңнан астам интернет-ресурс жойылды немесе бұғатталды», — деп хабарлады қадағалау ведомствосы.
Олардың деректері бойынша бұл көрсеткіш 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеген, былтыр 853 талап-арыз жолданып, 128 мың интернет-ресурс жойылды.
Бас прокуратура дезинформация көлемінің қысқаруы Facebook, Instagram және Twitter сияқты ірі шетелдік әлеуметтік желілерді бұғатталуына байланысты деп отыр.