Ресей билігі VPN-ге қол жетімділікті шектеуде

Хабарланғандай, Ресей билігі ресейліктердің виртуалды жеке желіні (VPN) қолдануын шектеу бойынша күш-жігерін күшейтті, нәтижесінде азаматтар Украинадағы оқиғалар туралы ақпаратты қоса алғанда, объективті халықаралық жаңалықтарды оқи алмай қалады.

Британдық барлау қызметінің есебіне сәйкес, соңғы аптада VPN-ді бұғаттау бойынша шараларды күшейтілгені байқалды, бұл ішкі ақпараттық кеңістікті жан-жақты бақылауға ықпал етуі мүмкін. 2017 жылдан бастап VPN қолдануға тыйым салынғанына қарамастан, ресейліктер арасында аталған қосымшалар танымал болып, тәуелсіз ақпарат пен жаңалықтарды оқуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, техникалық кедергілерден бөлек, Ресей билігі VPN-ді қолданудан бас тартуға шақырып, жеке мәліметтер ұрлануы мүмкін екенін ескертіп, ақпараттық науқан бастады.

Добавить комментарий