Ресей билігі оппозицияға қысым көрсетуді жалғастыруда

Қазіргі таңда Ресей билігінің басты оппозиционері Алексей Навальный түрмеде отыр, ал оның жақтастарына үй қамағының мерзімі ұзартылды.

Навальныйдың жақтастары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін қылмыстық іс бойынша кінәлі болып отыр. «Санитарлық іс» деп аталатын іс 23 және 31 қаңтар күні Алексей Навальныйды қолдауға арналған акциясынан кейін қозғалды. Тергеу мәліметтері бойынша, наразылық шараларын ұйымдастырушылар адамдарды әлеуметтік желілер арқылы Мәскеудің орталығына шығуға шақырған.

Нәтижесінде наразылық шарасына қатысқан адамдардың бір бөлігі коронавирусқа шалдыққан болып шықты, олар өзін-өзі оқшаулау режимін тиіс болған. Іс бойынша барлығы 10 адам тергеліп жатыр.

Мысалы, Навальныйдың Мәскеудегі штабының үйлестірушісі Олег Степанов 23 маусымға дейін үй қамағында отыруы керек. Сондай-ақ, сот Степановқа іс материалдары аясында белгілі болған ақпараттың таралуын болдырмау үшін осы тақырып жайлы сұхбат беруге тыйым салды.

Степановтан бөлек, ресейлік құқық қорғаушы және Pussy Riot феминистік панк-тобының мүшесі Мария Алёхина, Навальныйдың баспасөз хатшысы Кире Ярмыш, сондай-ақ муниципалды депутат Дмитрий Барановскийге үй қамағы мерзімін ұзартты.

Депутат Дмитрий Барановскийдің айтуынша, айыптау тарапы үй қамағын неліктен ұзарту керек екендігі туралы фактілерді ұсынбаған. Барановскийдің заңгері Алексей Васильев «санитарлық іс» бойынша айыпталғандарға үйден шығуына тыйым салынып қана қоймай, интернетті пайдалануға да тыйым салынатынын, сондай-ақ хат жазуға да, алуға да болмайтынын атап өтті.

Адвокаттардың айтуынша, тергеу барысында бірнеше жүздеген куәгерден жауап алынды. Ярмыштың адвокаты — Вероника Полякова «іс бойынша үш жүз куәгерден жауап алынғаны көрсетілген, алайда сотта ұсынылған материалдарға сәйкес тек бір куәгерден жауап алынған» деп мәлімдеді.

ФБК заңгері Любовь Собольге келетін болсақ, Мәскеу қаласының Басман аудандық соты 19 наурыз күні өткен сот отырысында үйқамақ мерзімін 2021 жылғы 23 маусымға дейін ұзартты.

«Санитарлық іс» бойынша өтіп жатқан сот процесі аясында 18 наурыз күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында «Қырым көктемі» фестивалі шеңберінде мыңдаған адам жиналған концерт өткізілді. Аталған іс-шараға Ресей Федерациясының Президенті де қатысты. Трансляция кезінде көрермендердің басым бөлігі бетпердесіз, ал стадион 100%-ға толғаны жақсы көрінеді. Соған қарамастан, қазіргі таңда РФ-да пандемияға байланысты шектеу шаралары бар. Жаппай-мәдени іс-шараларда алаңдарды толтыру, сыйымдылығының 50%-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ барлық қатысушылар бетперде тағуы керек. Қысқы митингілердегі сияқты қазіргі уақытта да Ресейде коронавирусқа қалдыққандар саны айтарлықтай жоғары. Аталған іс-шараны ұйымдастырушыларға неге ешқандай айып тағылмады деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

Дмитрий Песков «Лужники» алаңы эпидемиологиялық ережелерге сәйкес, сыйымдылығы 50%-дан аспағанын мәлімдеді. Песковтың айтуынша, адамдардың басым бөлігі орындарынан тұрып тұрғандықтан, трансляция кезінде көп адам жиналғандай болып көрінеді.

Батыс саясаттанушылары мен сарапшылары «санитарлық істі» талқылау барысында саяси астары бар екенін мен оппозицияға тікелей қысым көрсетіп отыр деп ата өтті. Мұндай ақылға қонымсыз процесстің басты мақсаты оппозициялық қозғалысты жойып, халықты қорқыту.

Добавить комментарий