Ресей батыс санкцияларына байланысты неден айырылып жатыр: сарапшылардың пікірі


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-47962-1675886413-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ресей былтыр қыста Украинаға баса көктеп кіруіне байланысты батыс елдері салған санкциялардан РФ-дан қарағада Батыстың өзі зардап шегіп отырғанын бірнеше мәрте мәлімдеді.

Ресей экономикасы айтарлықтай қуатты және кез келген санкциялар құрдымға жібере алмайтыны айтылды. Батыстық сарапшылар мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды деп есептейді. «Батыстың санкциялары Ресей экономикасына кері әсерін тигізгені уақыт өте келе РФ өкілдері де мойындай бастады.

Айта кетейік, өткен жылдың ақпан айынан бері Ресейден 1000-нан астам компания кетті немесе кететінін жариялады. Аталған компаниялардың инвестициялары 600 миллиард доллардан асып жығылды, ал олардың жұмыс орындарының саны 5 миллионнан асты. Мұндай компаниялардың нарықтан кетуі ресейліктерді көптеген тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алмай қалды, ал көптеген ресейлік компаниялар шикізат немесе құрамдас бөліктердің жетіспеушілігінен тап болды, — деп жазады батыстық сарапшылар.

Ресей үкіметі бұл мәселені мемлекет импортты алмастыруға бағыт ала отырып еңсеретінін мәлімдеді. Біраз уақыттан кейін батыстық сарапшылар импорттық тауарларды ресейлік тауарлармен алмастыру үдерісіне баға берді.

«Уақыт көрсеткендей, РФ үшін импортты алмастыру орындалмас міндет болып шықты. Мәселен, көктемнің соңында Ресей Федерациясы кеңесінің конституциялық заңнама жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Клишас елдегі импортты алмастыру бағдарламасы сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді. Халық тұтынатын тауарлар ассортиментінде, сондай-ақ басқа да салаларда сәтсіздік байқалады. Өз кезегінде жаздың соңында Владимир Путиннің өзі толық импортты алмастыру мүмкін емес екенін мәлімдеді», — деп жазады олар.

Фото: Батыстың Ресейге қарсы санкциялары елеулі экономикалық қиындықтарға алып келді

«Біріншіден, Ресей мұнайының бағасы бір жылдың ішінде шамамен екі есеге төмендеді. Екіншіден, Еуропаға мұнай жеткізу көлемі қысқарды. Батыс мемлекеттері ЕО-ның Ресей мұнайын теңіз ақрылы импорттауға тыйым салғанға дейін де оны сатып алуды едәуір шектеген. Ресейлік мұнай өнімдері де осындай жағдай күтіп отыр, себебі 5 ақпанда олардың импорты бойынша осыған ұқсас санкциялар күшіне енді».

Еуропарламент депутаттары ЕО-ға мүше мемлекеттерді Мәскеуге қарсы оныншы санкция пакетін тез арада қабылдауға шақырады.

«Санкциялардың салдарынан Ресей халықаралық аренада беделі төмен елдермен экономикалық байланысты тереңдетуге мәжбүр. Осылайша, Иран мен Ресей сауда мен қаржылық операцияларды ұлғайтуға ықпал ету үшін өздерінің банкаралық аударым жүйелерін біріктірді. Осы арқылы Ресей Иран немесе Солтүстік Корея сынды мемлекеттермен теңесіп отыр. Оның үстіне сарапшылардың бағалауынша, Украинаға баса көктеп кіргеннен кейін Ресейде демократия жағдайы айтарлықтай нашарлап кетті, елде диктатура белең алды», — деп мәлімдеді батыстық сарапшылар.

Фото: Батыстың Ресейге қарсы санкциялары елеулі экономикалық қиындықтарға алып келді

Экономикадағы қиындықтардан басқа, көптеген сарапшылар РФ елеулі демографиялық дағдарысқа тап болады деп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, «Ресей соғыста бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде 100 000-нан астам азаматтарынан айырылды. Олар негізінен бір жас санатындағы жастар және еңбекке қабілетті ер адамдар. Сонымен қатар, жүздеген мың ресейлік әскери борышын өтемеу үшін елден кетіп жатыр. Осылайша, Ресей президенті Ресейде ондаған жылдар бойы тұрғызған мемлекетті бір жылдан аз уақыт ішінде құрдымға жіберді. Ресейліктер үшін ең қорқыныштысы, Путин режимі биліктен кетпейінше ел қиындықтардан көз ашпайды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

 

Добавить комментарий