Ресей азаматы Қарағанды облысында 20 жыл құлдықта болған

20 жыл бойы құлдықта болған Ресей азаматы құтқарылды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Шет ауданындағы полицейлер Ресей Федерациясының азаматы — 44 жастағы ер адамды анықтады. Оны 44 жастағы жергілікті тұрғын жиырма жыл бойы мәжбүрлеп жұмысқа жеккенін айтты. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», — деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзін Ресейдің Ярославль облысының тұрғыны Алексей Котов деп таныстырып, көмек сұраған видео пайда болған.

«Анашым, әкешім, 20 жыл бойы құлдыққа жегілдім, Қазақстаннан алып кетуге көмектесіңіздерші», — дейді Котов.

Одан кейін ол Қарағанды облысы Ақжал кентіндегі Мұхтар қыстағын және Оразбеков Сейсенжан деген адамның аты-жөнін айтты.

Полицейлер атап өткендей, олар әлеуметтік желілерге мониторингілеу барысында ресейлік азаматтың құлдықта екенін білген.

ҚР ҚК 126-бабы (заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Добавить комментарий