Ресей Қазақстанның НАТО құрамына қосылуына қарсы

Ресей АҚШ-тан Қазақстан аумағында әскери база құрмауды талап етті, сондай-ақ ҚР-ның НАТО-ға (Солтүстік Атлант шарты ұйымы) қабылдануына қарсы болды.

«АҚШ НАТО-ның шығыс бағытта одан әрі кеңеюін болдырмауға, альянсқа бұрын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрамында болған мемлекеттерді қабылдаудан бас тартуға міндеттенеді», — делінген Ресей мен АҚШ арасындағы қауіпсіздік туралы келісім жобасында.

Құжатты Ресей сыртқы істер министрлігі ұсынды.

«АҚШ бұрын КСРО құрамында болған және НАТО-ға мүше емес мемлекеттердің аумағында әскери базалар құрмайды, олардың инфрақұрылымын кез келген әскери әрекетті жүргізу үшін пайдаланбайды, сондай-ақ олармен екіжақты әскери ынтымақтастықты дамытпайды», — делінген келісім жобасында.

Айта кетейік, Қазақстан КСРО ыдырағаннан кейін соңғы болып шықты. Қазақстан мен Ресейден басқа Кеңес Одағының құрамына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина және Эстония кірді.

Добавить комментарий