Ресей АЭС арқылы Қазақстанды «уысында» ұстамақ, деп есептейді батыс сарапшылары

Қазақстанда Атом электр стансасын салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл мәселе Ресей тарапынан 90-шы жылдардан бері көтеріліп келеді. Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық Азия елінде ресейлік технологиялар бойынша АЭС тұрғызуды ұсынды.

Соңғы кездері Қазақстанда бұл тақырып жоғары деңгейде жиі талқыланып жатыр. Мәселен, биылғы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан атом станцияларын салуға асықпайтынын, алайда бұл істі кейінге ысыруға болмайтынын айтты

Қыркүйекте өткен Шығыс экономикалық форумының жалпы отырысында да Тоқаев осы тақырыпты қозғады. Айта кету керек, экономикалық форумнан бірнеше күн бұрын Қазақстан басшысы үкіметке және қазақстандық «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына бір жыл ішінде республикада атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.

Фото: Тоқаев Үкіметке және Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорына бір жыл ішінде республикада атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды

Сарапшылардың ойынша Қазақстан үкіметі республика үшін теріс салдарға алып келуі мүмкін қадамға баруы керек пе? Мәскеудің Қазақстанда атом электр стансасын тұрғызуға деген ұмтылысы Кремльдің табиғи ресурстарға бай Орталық Азиядағы мемлекеттің егемендігіне нұқсан келтіру мен Ресейдің ықпалын нығайту әрекетін айқын көрсетеді.

«Мәскеудің Қазақстанға атом электр стансасын тұрғызып беругіне халықтың қарсы болуына екі негізгі себеп бар», — деп жазады батыстық БАҚ.

Бірінші себеп — экологиялық аспектіге қатысты. Халық пен қоғам белсенділерінің пікірінше, атом электр стансасы қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына, тіпті адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Батыс сарапшылары Чернобылдағы және Фокусима-1-дегі болған АЭС апатын, Байқоңыр ғарыш айлағының айналасында гептилмен ластанған топырақты, Семей полигонындағы сынақтарды мысал ретінде келтіруде.

Аталып өткендей, мәселе ядролық технологияларға қатысты болғандықтан ешкім қауіпсіздікке кепілдік бере алмайды, алайда жобаны жүзеге асыруға дайын тұрған «Росатом» станцияның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік беріп отыр.

Екінші себеп — бұл қаржы мәселесі. АЭС құрылысына шамамен 5 млрд доллар кетеді, бұл соманы Ресей Қазақстанға қарызға беруді ұсынған.

Фото: Тоқаев Үкіметке және Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорына бір жыл ішінде республикада атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды

«Егер ҚР аталған несиені алатын болса, онда Ресейге әр түрлі салада басымдық беретінін, өз аумағы мен ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беретінін және дербес шешім қабылдай алмайтынын білдіреді», — деп жазады батыс саясаттанушылары.

Экономист Әсет Наурызбаевтың пікірінше, соңғы 10 жылда жаңартылатын көздердің энергиясы арзандап, атом энергиясынан қымбаттап келе жатқаны экономикалық тұрғыдан да тиімсіз. Сондықтан сарапшы құрылыс мәселесі экономикалық емес, саяси астары бар деп күдіктеніп отыр.

Атом электр стансасы «геосаяси актив» болуы мүмкін. Ядролық ынтымақтастық Ресейдің осы Орталық Азия еліндегі позициясын одан әрі нығайту және өңірдегі өз ықпалын кеңейту үшін қолданатын құралдарының бірі болып табылады.

Добавить комментарий