Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің бірінші отырысы 21 қазанда өтеді

Негізгі реформалар айқындалды, оларды пысықтау жуық арада басталуы керек деп хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысы 21 қазанда өтетінін хабарлады.

«Кеңесші, реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу барысында осы жылдың 21 қазанында өтетін Кеңестің бірінші отырысының күн тәртібі талқыланды. Негізгі реформалар айқындалды, оларды пысықтау жуық арада басталуы керек», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құру туралы жарлыққа 14 қыркүйек күні Президент қол қойды.

«Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құруды қаулы етемін», — делінген жарлықта.

Добавить комментарий