Реформалар тұрақты негізде жалғасады: стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құрылады

Қазақстанда елдегі реформаларды стратегиялық жоспарлау мен ілгерілетумен айналысатын жаңа құрылым құрылуда. Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, президент «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы» жарлыққа қол қойды, оның мәтіні біздің материалда келтірілген:

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

  1. Бекітілсін:

1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі (бұдан әрі — Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымын;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
  3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет, реформалар жүргізу және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады, — делінген агенттік туралы ережеде. — Агенттіктің ведомствосы — Ұлттық статистика бюросы және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық бөлімшелері бар».

Ережемен және жарлықта аталған басқа да құжаттармен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Добавить комментарий