Рамзан Қадыров Нобель сыйлығына ұсынылды

Оны ұсынған адамдардың пікірінше, Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізуге қосқан зор үлесі үшін Нобель сыйлығын алуға лайық.

Бұл туралы ақпарат және баспасөз министрі Ахмед Дудаев мәлімдеді. Негіз ретінде «соңғы 15 жыл бойы ахуалы қиын аймақта бейбітшілікті орнатуға қосқан зор үлесі үшін» деп көрсетілген.

«Аймақ басшысы халықаралық терроризмге қарсы күресте жеңіп, экономика мен әлеуметтік саланың тез қалпына келтіргені үшін халық арасында осындай мәртебеге ие болды», — деп қосты агенттіктің сұхбаттасы.

Кімнің өтінім бергені белгісіз. Дудаевтың айтуынша, бұл құпия ақпарат. Халықаралық ақпараттық Нобель орталығының президенті Вячеслав Тютюнник жарғы бойынша оны 50 жыл бойы жария етуге болмайтынын нақтылады.

Нобель бейбітшілік сыйлығы 1901 жылдан бері жыл сайын бейбітшілік салалары бойынша елеулі жетістікке жеткен адамдар мен ұйымдарға беріледі. Үміткерлерді елдердің парламенті мен үкіметі, халықаралық сот мүшелері, университет ректорлары, Норвегиялық Нобель комитетінің қазіргі және бұрынғы мүшелері мен кеңесшілері ұсына алады.

Добавить комментарий