Құрамында полицияның бұрыңғы қызметкерлері болған ҰҚТ-ның жолы кесілді

Қазақстан аумағында ірі ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет еткен, оның құрамына құқық қорғау органдарының қызметтегі және бұрын жұмыс істеген қызметкерлері кірді.

Қазақстанның 4 қаласында қауіпті ҰҚТ-ның 16 мүшесі ұсталды. 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында бірқатар қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция өтті.

«Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, адам өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының бірінде құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топты құру және оған басшылық жасау айыптары тағылды», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының әрекеттегі және бұрынғы қызметкерлері кірген.

Күдіктілерден ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, тәркіленді.

Добавить комментарий