Рамазан: ҚР Президенті ізгі тілегін білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айын басталуына ьайланысты ел азаматтарына ізгі тілегін білдірді.

Ол өз құттықтауында бұл күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл екенін, өйткені адамзатты рухани тазартуға және жан-жақты кемелденуге ықпал ететінін атап өтті.

Президент сондай-ақ Рамазан «он екі айдың сұлтаны» болып есептелетінін және осы айда төзімділік, жанашырлық және қалыпты болу сияқты имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптелетінін айтты.

Президент Тоқаев асыл дініміз Қазақстанда елдің бірлігі мен қоғамның тыныштығын сақтауда маңызды рөлін атқаратынын атап өтіп, Рамазан айында игі істерді еселеп, сауапқа кенелсін деп тіледі.

Ол осы қасиетті айда Қазақстанның барлық тұрғындарына зор денсаулық пен бақөбереке тіледі.

Добавить комментарий